Тоқаев Ақордада Вьетнам басшысын қарсы алды

Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Ламды салтанатты қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Ламды Ақордада қарсы алды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Лам кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Вьетнам басшысы Президенті құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Одан кейін президенттер отырыс залына қарай бағыттады.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылмақ.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алған болатын.

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстан не ұтады? 

Мұнай инфрақұрылымын қалпына келтіру ұзаққа созылып, әлемдік нарықта баға барреліне 80–90 доллар деңгейінде сақталуы мүмкін.

Конгода Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 50%-ға жуықтады 

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Олардың 4 887-сі қайтыс болған.