Тоқаев Alatau City жобасына қатысты ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады.

Қаланы дамытудың орнықты моделін құру. Жобаны жүзеге асыру айтарлықтай күрделі және операциялық шығындарды қажет етеді. Бұл орайда тұрақты, болжамды кіріс базасын қалыптастырған жөн. Қазіргі қаржылық-экономикалық моделдің келешек шығындарды жаба алмай қалу қаупі де бар. Инвестиция ағыны мен бизнесті дамытуға баса мән беріп отырмыз. Дегенмен бұл – кепілдік берілген табыс көзі емес, бар болғаны болжам мен үміт қана. Бұдан бөлек, бастапқы кезеңде көзделген жеңілдіктер салық түсімдерінің азаюына әкеледі. Бұл құрылымдық алшақтыққа ұрындыруы мүмкін. Өйткені қаланы қамтамасыз ету мен дамытуға қаражат қажет кезде түсімдер кешігуі немесе бастапқыда төмен болуы ықтимал. Сондықтан Алатауды дамыту жөніндегі кеңес қала әкімшілігімен бірге ұзақмерзімді орнықты дамудың тиімді қаржы-экономикалық үлгісін әзірлеуі керек. Сонымен бірге қаланы стратегиялық жоспарлауға негіз болатын құжаттарды бекіткен жөн. Инвесторлар мен серіктестер, азаматтар 10, 20 немесе 30 жылдан кейін Алатау қаласының қандай болатынын түсінуі қажет, — деді ол.

Президенттің айтуынша, Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады. Басты бағдар – осы.

Келесі жылы қаланы дамытуға белсене кірісу үшін стратегиялық құжаттардың барлығын (Ұзақмерзімді жоспар, Мастер жоспар және Даму стратегиясы) жыл соңына дейін қабылдау керек. Мұндай ірі және ұзақмерзімді жобаларды іске асыруда процесті жедел, қарқынды және ең әуелі сәтімен бастау өте маңызды. Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер, — деді Мемлекет басшысы.

ПРОВЕДЕНА ПРОФИЛАКТИЧЕСКАЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА С ГОСУДАРСТВЕННЫМИ СЛУЖАЩИМИ

Департаментом проведена профилактическая разъяснительная работа среди сотрудников аппарата акима...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Департамент қызметкерлері Е.Рысқұлбек және Р.Нурутдинова Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының...

90 жылдық тарихы бар қоғам қайраткері

Олжас Омарұлы Сүлейменов - Қазақстандық поэт, жазушы, әдебиеттанушы, дипломат...

ПОЛВЕКА МЕЖДУ ПЛАМЕНЕМ И НАНОНАУКОЙ

Научный феномен Зульхаира Мансурова В ряду выдающихся деятелей казахстанской науки,...

Апостильдеу туралы құқықтық насихаттау

Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі...