12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТМД-да шартты түрде сотталған қазақстандықтар жазасын елге келіп өтейді

Сенаторлар бүгін ТМД елдерінде сотталған азаматтар өздері азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтей алатын заң қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ТМД елдерінде бас бостандығынан айырылмаған, бірақ шартты түрде сотталған қазақстандықтар жазасын Қазақстанға келіп өтейді.

«Осылайша, Конвенцияны ратификациялау бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаға тартылған азаматтарды өз елінде жазасын өтеу мүмкіндігі мен әлеуметтік оңалтуға, сондай-ақ жаңа қылмыстардың алдын алуға және қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады», — деді сенатор Рысқали Әбдікеров.

ҚР ІІМ ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 280 азаматы мұндай жазаны ТМД елдерінде, оның ішінде 251 адам – Ресейде, 24-і Өзбекстанда, 3-уі Беларусьте және 2-еуі Қырғызстанда өтеп жатыр.

Қабылданған заңға сәйкес, біздің еліміз өз кезегінде, Қазақстанда сотталған ТМД елдерінің азаматтарына, сондай-ақ жазаның қалған бөлігін өз Отанында өтеуге мүмкіндік беруі тиіс. Қазір ТМД елдерінің 447 азаматы пробация бойынша біздің елімізде жүр.

Егер сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалса, жаза ретінде айыппұл немесе мүліктік сипаттағы өзге де жаза, сондай-ақ тәркілеу белгіленген болса Конвенцияның ережелері қолданылмайды.

Рухани кеңістіктегі ғылыми көпір

Стамбул қаласында Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығында...

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтар мен заңды тұлғалар шетелге жиі...

Қоғамдық тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайтудағы соттардың рөлі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді...

Сот құжаттарын шетелде тану: апостиль қою мен электрондық үкіметтің мүмкіндіктері

Қазіргі таңда жаһандану мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуы әр азаматтың...