Тілді өркендету-баршаның ісі. Тіл-тек қарым-қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің елге деген жанашырлығы басым. Мемлекеттік тіл елдікдің алтын тұтқасы. Халық тілімен бойындағы бар асылды ұрпағына жеткізеді. Қай уақытта болмасын тіл елдің қазынасы болған әрі бола да бермек. Тілінің қадіріне жете білмеген халқының қамын қамдай қоймас. Мемлекеттік тіліміз ғажап, естіген жанды елітер, бойды баурап алар сыйқыры бар әсемдігі тағы бар. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретінде мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқы болған-оның ғажайып тілі –деген сөзге сүйенсек, осынау ғажап тілдің еліміздің тұғырына нық орнығуына бір кісідей жұмыла атсалысу баршамыздың азаматтық борышымыз әрі абыройлы міндетіміз.
Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгүнгі де тағдыры. Қазақ тілі өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан дүниенді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп сөз тапқанға қолқа жоқ дегендейін елге, ерге медет болып адам түгіл, жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл». Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқынымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі тіл — халықтың жаны, сәні тұтастай кескін келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиеті мұрамыз, ана тіліміз- қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл — тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекет тәуелсіздігінің негізгі атрибуттарының бірі.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Тәуелсіздік қазақ халқының маңдайына мемлекет құраушы ұлт болуды сыйлады. Кеңес кезеңі тұсында өзге ұлттың айтуымен әрекет ететін Қазақстан егемендік алған соң, дербес дами бастады. Қазіргі таңда қазақ ұлты өз тағдыры үшін өзі жауапты. Мемлекет құраушы ұлт ретінде еліміздегі өзге ұлттардың дамуына да жауапты болуды естен шығарған жоқ. Соның нәтижесінде Қазақстан түрлі ұлттардың өсіп-өркендеу, өзара келісім мен сыйластыққа қол жеткізу алаңына айналды. Бұл жөнінен еліміз басқа посткеңестік елдердің бәріне үлгі боларлықтай жағдайға жетті. Шығыс халқына тән ерекшелігіміз бен далалық менталитетіміз бізді едәуір биіктерге көтергендігін қазір мақтанышпен айтуға болады.
Талай елдерде ұлтаралық жанжалдың, араздастықтың себепшісіне айналған тіл мәселесі Қазақстанда оңай шешілуде. Мемлекет саясатында жауапты мекеме басшылары тілге деген бақылауды ешқашан да босаңсытпауы тиіс. Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғау басшыдан бастау алу керек. Ал, егер өзіміз бен мемлекет басындағылар керек етпесе, мемлекеттік тіл кімге керек? Адам қай тілде сөйлесе, сол тілге қызмет етеді.
Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік, ана тілімізді құрметтейік, оны аяқ астына таптамайық, ағайын! Бұл біздің болашағымыз!
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Тілеубай Ерлан Еркінұлы