12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тілге құрмет – елге құрмет!


         Қазақстан Республикасының егеменді, тəуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мəртебеге ие болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қазақ тілі, мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісінде кеңейді. Мысалы: Мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, заң шығару, іс қағазын жүргізу салаларында кең өрісін алып келеді. Қай кезде болмасын тіл мəселесі-сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мəселесі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» N36 өкімі республикамыздың барлық сот жүйесінің бағдаршамына айналған десек қателеспейміз. Қобда аудандық сотында іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сəйкес жүргізілетін сот тəжірибесінің талдаулары, жедел кеңес жəне семинар сабақ хаттамалары, жоғарғы сатыдағы соттармен жəне басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық жəне Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің 14 жəне 30 баптары бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде  мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады деп көрсетілген. Осы баптарда, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу сотқа талап арыз берілген тілге қарай белгіленеді. Ол заңмен бекітілген.

Еліміздегі əр ұлт, əр азамат, мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс. Мемлекеттік тілде іс жүргізіп, бірінші заң орны, соның ішінде сот жүргізу ісі үлгі болу кажет.

Тілді өркендету — баршаның ісі. Тіл — тек қарым – қатынас құралы ғана емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым болып келеді. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала бермек. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ, қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.

         Айталық, сонау кезде — еліміз тәуелсіздік алғаннан бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарымыз 90 — жылдарға қарағанда әлдеқайда «қазақша сайрап тұр» десек болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны, бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі.

         Бүгінгі күні біздің елімізде тілдердің үш тұғырлығы деген жаңа термин де пайда болды. Әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де жетік білуді талап етуде. Жас ұрпақтың білім ордаларында осыған орай шет тілін меңгеру үшін білім алып жатқаны да қуантады. Әрине, әлемдік даму үрдістерінен кейін қалып қоюға болмайды. Демек, осы сәтте айтып кетерім, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін  әрқашан есте сақтауымыз керек.

         Бүгінгі таңда, мемлекеттік тілдің мәртебесін нақты белгілеу туралы әр түрлі талаптар мен өтініштер бар.

         Елбасымыздың бастамасымен Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылған. Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті тілді дамыту және енгізу жөніндегі уәкілетті орган ретінде халық тарапынан жасалатын ұсыныстар мен талап-тілектерге баса назар аударып отыр.

         Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.

         Бағдарламаны іске асырудың аталмыш кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бәрін рет-ретімен жүзеге асыруға қазіргі кезеңде толық мүмкіндігі бар – деп айтқым келеді.

         Сонымен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Демек, әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек, – ағайын!

Омаров Бақытбек Жұмабекұлы, Қобда аудандық

сотының төрағасы                       

Есептегі азаматтар мұражайға экскурсия жасады

Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі сотталғандарды қалалық мұражайға...

Сырым Иткулов: Казахстан реально заходит в прайм-эруНенуаче

Тут пошел флешмоб, что Казахстан реально заходит в прайм-эруНенуаче,...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Алматы...

Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі

Тіл- халық тарихымен, бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде...