Тіл –ұлттың жаны, рухани байлығы, мәдениетінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Бұл тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейліктің, тарихи мұраның, және мемлекеттік егемендіқтің нышаны болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңына сәйкес, қазақ тілі мемлекеттік тір ретінде елдің барлық аумағында қолданылады. Заңның 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.  Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» – деп нақты көрсетілген. 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді дамыту үшін бірқатар заңнамалық және стратегиялық құжаттар қабылданды. Олардың ішінде:  «Казақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заң, «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». 

Бұл құжаттар мемлекеттік тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту және азаматтардың ана тілінде білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңынның 6-бабаында азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру үшін қажетті барлық жағдайлар жасалуы керектігі айтылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, мемлекеттік органдарда, білім беру мекемелерінде және басқа да мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін қолдану міндетті болып табылады.

«Ана тілің-арын бұл» деген қанатты сөз тілдің адам өміріндегі маңызды рөлін көрсетеді.Тілді білу – әр азаматтың ұлттық мәдениетіне, тарихына деген құрметінің белгісі. Тіл тек қарым қатынас құралы ғана емес, ол халықтың рухани байлығы, тарихи мұрасы. Сондықтан Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді дамыту және қорғау әрбір азаматтың міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасы мемлекеттік тілді қорғау мен дамытуға бағытталған. Тіл – мемлекеттің тұтастығының, ұлттың бірегейлігінің кепілі. Сондықтан әр азамат ана тілін құрметтеп, оны дамытуға өз үлесін қосуы қажет. Қазақ тілі – Қазақстан халқының ортақ құндылығы, оны сақтау және нығайту – ел болашағына жасалған маңызды қадам.

Судья У.Хайруллина

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...