Тіл – ұлттың келбеті. Ал, мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің белгісі

Рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың арқасында қазақ елі асты-үсті байлыққа толы ұлан-байтақ жерге; біртұтас, бай тілге; дамыған ұлттық өнер мен мәдениетке; табиғатпен және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге бағыттайтын қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі сияқты көп құндылықтарға ие болып келген. Сол себепті кез-келген халық өзінің туған тіліне, оның тағдырына немқұрайды қарай алмайды.
Тіл- қарым-қатынас, ойды жеткізудің құралымен қатар, тәрбиенің де құралы. Ана тілінде тәлім тәрбие алған ұрпақ азамат болғанда өз ұлтына тән табиғи мінезді бойына сіңіре алады. Тілдің өзіндік ойлау жүйесі жас жеткіншектің сана-сезімін қазақи ұлттық ұғымға бейімдейді. Тілі мен мәдениеті шалқыған халықтың ғана үні естіліп, даусы шығады.Тіл мәселесі өте нәзік, оны шынайы ынталылықпен, ұқыптылықпен үйлестіре отырып игеру қажет. Тіл- сан ғасырлық тарихи мәні бар тәжірибені, өнерді, мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін құрал десек, оны игеруге мүмкіндік ашатын да – тіл.
Қазіргі таңда Еліміздің Басшысы Н.Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл : қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі- халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Байқағанымыздай, көп тілді білуге ұмтылу жас ұрпаққа қойылған заман талабы.
Елбасы Н.Назарбаевтың «…Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса, қырандай қалқыған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған оның ғажайып тілі. Кезінде қазақ тірі болу үшін бірікті,енді ірі болу үшін бірігуі керек»- деп, қадап айтқандары әрбір қазақтың жүрегне мақтаныш сезімін ұялатады.

З.Аманкулова, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...