Тіл — ұлт тұтастығының тұғыры

                                                                      Тіл — ұлт қасиетін айқындайтын

                                                                      белгі, ұлттық салт-сана өзегі

                                                                                                 Б.Момышұлы

      Тәуелсіздігіміздің басты белгісі — мемлекеттік тіл. Дүниежүзіндегі ең әдемі тілдердің қатарына саналатын ана тіліміздің құнарлы қазынасы бізге ата-бабаларымыздың қаны мен жаны арқылы мирас болып жеткен.

      Халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналығы мен сауаттылығы оның тіл мәдениетінен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігінен, орамдылығымен өлшенеді. Ерте заманда ел бастаған көсем де, дауды шешкен би де осы құдыретті тілге сүйенген. Үлкен дау-дамайда бір ауыз сөзге тоқталған. Ұлттың асыл мұрасы –ана тілін құрметтей білген. 

      Тіл — елдің елдігінің,  оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің,  қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлт мұрасының қай дәрежеде екенін  білдіріп тұратын көрсеткіші. 

       Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейе  түсті. Тіл-ұлттық рух негізі. Ұлт тілін ұлықтау, оны төрге шығару — борышымыз. 

                                           Б.Қалдыбеков,

                                           Түркістан облысы Әділет департаментінің

                                           әкімшілік бөлімінің іс-қағаздарын жүргізу

                                           жөніндегі инспекторы

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...