12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Тіл — ұлт болашағы»   

Әр қоғамның халық болып қалыптаспас бұрын шежіресі мен тарихы болатыны анық. Ал халық болып құрылғаннан кейін әр ұлт өз алдына мәдениетін қалыптастыратыны тағы бар. Мұнымен ғана шектеліп қалмайды, әрине, әр ұлттың өз құқықтары, заңдары, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі және өзіндік наным-сенімдері болатыны анық. Ал осынау асқақ мұралардың нағыз жинақталған тұсы, яғни, баға жетпес ұлттық құндылықтарды біріктіруші күш — ана тілі.

Ана тілі – халқымыздың рухани байлығы, баға жетпес асыл мұрасы. Оның қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заты тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат байлығымыз. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына көмегін аямауы тиіс. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам болмайсың.

Тіл тағдыры – елдің тағдыры. Әр адам ана тілін біліп, оны құрметтеуге міндетті. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға енген қасиет туған тілдің құдіретімен дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналадағы адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас туған тіліңді білуден басталады. Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы.

Бүгінгі таңда отбасындағы ұрпақ тәрбиесі — қоғамның бар саласына қатысты  мәселе. Өйткені бүгінгі шағын отбасы – ертеңгі үлкен мемлекет. Мемлекеттің тізгіні сенімді адамның қолында болу үшін ұрпаққа саналы білім қажет. Адам көп тіл білгеннен зиян көрмейді Керісінше оның талабы да, талғамы да артады. Бірақ ең басты тұғырда өз ана тілі тұруы керек. Адамның ой-өрісі өз тілінде дамып жетілгенде ғана  құндылығы артады. Тіл — әр адамның болмысы. Егер тіл жойылса адам болмысыда жойылады!

Тараз қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы

А. Толентаев

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...