12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл тағдыры-ұлт тағдыры


Мемлекеттік тіл кез келген елдің тұғырлы тірегі, сондықтан, осы тілде сөйлеп, оның мәртебесін көтеру әрбір адамның азаматтық борышы. Кімге болса да өз елінің мемлекеттік тілінде сөйлеу-парыз. Біздің бұлай деуімізге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі екені Конституциямен айқындалса да, оны дамыту мәселесінің бүгінге дейін күн тәртібінен түспеуі себеп болып отыр.
Мысалы, мемлекеттік тіл тағдырында кей замандастарымыз «Көш жүре түзеледі» қағидатын алға тартады. Шын мәнінде, дәл осы түсінік көп адамды мемлекеттік тіл мәселесінде кері көзқарасқа итермелейді. Бұған қоғамымызда 33 жылдан бері қазақ тілін білгісі де, сөйлегісі де келмейтіндер қатарының азаймауы дәлел.
Шындығында «көштің түзелуі» тек өзімізге, яғни Қазақстан мемлекетінің азаматтарына байланысты. Сондықтан, мемлекеттік тілді өз тұғырына қондыру кімнен болсада нақты істі талап етеді.
Ата Заңымыздың 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі екені тайға таңба басқандай көрсетілген. Сондай-ақ, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны да айтылған. Бірақ, бұл орыс тіліне басымдық беру керек дегенді білдірмейді. Қазақстанда тұратын өзге халықтар тілдерін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Соған сай, ел азаматтары да мемлекеттік тіліне құрметпен қарауы тиіс.
Қазіргі қоғам әрбір адамның республикамыздың Тіл туралы заңымен көрсетілген «Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі» деген талабын мүлтіксіз орындалуын талап етіп отыр.
Өкінішке орай, БАҚ беттерінен мемлекеттік қызметте бола тұра, өз тілімізде жетік сөйлей алмайтын шенеуніктерді, оларға қатысты қоғамның сыни пікірлерін жиі байқаймыз. Өскелең ұрпақ мемлекеттік саясатты іске асыратын негізгі буынға қарап бой түзейтінін ескерсек, мемлекеттік тілге деген жанашырлық, құрмет мемлекеттік қызметшіден басталғаны абзал.
Мемлекеттің басты тілінің мәртебесін асқақтатып, өз биігіне шығару елдік іс. Мемлекеттік тілді білу және осы тілде сөйлеу өз Отаның мен еліңе деген жауапкершілігің мен құрметіңді көрсететінін ұмытпаған абзал. Болашағымыздың жарқын, мемлекетіміздің мықты болуы қазақ тіліне тікелей байланысты. Өйткені, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл». Ұлт ұстазының осы сөзі әрбір қазақты ойландыруы тиіс.

А.Сабираддинов, Түпқараған аудандық сотының
судьясы

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы істерін сотта қарау ерекшеліктері

    Қазақстанда 2023 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілген...

КазНУ имени Аль-Фараби: 90 лет лидерства, знаний и международного сотрудничества

В 2024 году Казахский национальный университет имени Аль-Фараби отмечает...

Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету – елдік іс

Мемлекеттік тіл мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын бастыбелгілердің бірі. Қазақстан Республикасының...

Елдің өркендеуі жүйе жұмысын жаңа деңгейге көтерді

Тәуелсіздік таңы атқалы 33 жыл болды. Осы жылдар ішінд...

Электрондық сервистердің ауқымын кеңейтуге басымдық берілуде

Сот әкімшілігі – сот жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, сапалы атқарылуына...