“Тіл тағдыры өзіміздің қолымызда”

Тіл – ұлттың жаны, рухының тірегі, өткен мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тілі – бүгінгі тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, елдігіміздің негізгі ұстындарының бірі. Сондықтан да тіл тағдыры – әр қазақтың жүрегінде тұрар қасиетті мәселе. Оны қорғап, дамыту, қолданыс аясын кеңейту – тек мемлекеттік органдардың емес, барша халықтың міндеті.

Қазіргі жаһандану дәуірінде тіл мәселесінің өзектілігі бұрынғыдан да артып отыр. Әлемдік ақпарат кеңістігіне ену, шетелдік мәдени ағымдардың күшеюі, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы – ұлттық тілдің де жаңғыруын талап етеді. Қазақ тілі заман талабына сай бейімделіп, ғылым мен техника тілінде еркін қолданылатын деңгейге жетуі тиіс.

Тілді сақтау үшін ең алдымен оны күнделікті өмірде қолдану қажет. Үйде, мектепте, жұмыста, қоғамдық орындарда қазақша сөйлеу – тілді қолдаудың ең қарапайым әрі ең маңызды қадамы. Әрбір ата-ана баласына ана тілінде тәрбие берсе, әрбір азамат ресми және бейресми қарым-қатынаста қазақ тілін қолдануға талпынса, тілдің болашағына ешқандай қауіп төнбейді.
Тілді құрметтеу – өткенге тағзым, болашаққа аманат. Қазақ тілінің тағдыры – елдің тағдыры. Сондықтан да әрбір саналы азамат тілге жанашырлық танытып, оның әлеуметтік-мәдени кеңістікте нық орын алуына үлес қосуы тиіс. Қай кезең болмасын, ұлттың тіршілігі мен бірлігі тілінен басталады.

С.Абсаматов, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...