12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл тұтастық кепілі

Еліміз егемендігін жария етіп, тәуелсіз даму жолына түскеннен бастап, күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі, әлеуметтік саламыздың жанды тұсы – тіл мәселесі. Тіл, оның қоғамдағы орны туралы бұрын да, бүгін де талай жазылған, алда да жазыла бермек. Өйткені, тіл – адамзат қоғамының саналы түрде сабақтаса, араласа тіршілік етуінің айрықша белгісі ғана емес. Ол халықтың «менінің» ұлттық көрінісі де. Ендеше, оның мәнін танып білу зор саяси–әлеуметтік мәселе. Тарих көрсеткендей жалпы мемлекетішілік қатынас құралына айналған тіл ғана үлкен саяси мәнге ие болады. Тіл бұл тұста өзіне тән өзге де табиғи қызметтерімен бірге, аса маңызды елдік, мемлекеттік қызмет атқарады, сөйтіп ел тұтастығы мен бірлігінің кепіліне айналады.

Тіл үйрету де, тілді үйрену де бүгінгі қоғамымыз үшін қажеттілік.

Тіл адамның танымы мен мәдени ілігі жеткен барлық білімнің жақтаушысы. Ендеше, тілде тұрақтылық болуы керек. Тілде халықтың бүкіл ойының көрінісі табиғат болмысының сыры туралы танымы, дүние танымы, салты мен дәстүрі сақталады. Бұл тілдік бірлік, тіл тұтастығы. Руханият негізі ретінде тіл біздің ұлтымызға, елімізге деген көзқарас қалыптастырады, өзге ұлттың қазақ ұлтына деген көзқарасын қалыптастырады.

Тілдің негізгі қызметі – халықты біріктіру, ел тұтастығын қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару органдарында негізгі тіл ретінде қолданылуын қалыптастырған жөн. Қызметке аларда мемлекеттік тілде ойлайтын, сөйлейтін, терең сусындаған, қазақтың болмысын ұғатын, қарымды да қабілетті жастарды алып, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жазуға баулу шарт. Ал ол үшін қазіргі билік басында құлдық санадан азат, өз бетінше ойлай алатын, санасы тәуелсіз адамдар отыру қажет. Сананың тәуелсіздігіне әсер ететін факторлар көп, мазмұны, мақсаты, тілі — шешуші роль атқарады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талабына сай азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. Сот азаматтық сот ісін жүргізуде сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарға заң бойынша оларға қажетті іс материалдарының аудармасын тегін қамтамасыз етеді. Сот іске қатысатын адамдарға сотта сөйлейтіндердің басқа тілде сөйлейтін бөлігін сот ісін жүргізу тіліне аударуды тегін қамтамасыз етеді.

Іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін, істегі құжаттарды беру туралы жазбаша түрде өтініш берген адамға сот құжаттары өзінің ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.

Дегенмен де, өркениет өнегесі өз тіліңмен өмір сүру. Демек, мемлекеттік тіл өркениетке өріс ашады. Тіл барлық кезеңде ұлттық идеяның басты діңгегі және мемлекеттік идеологияның негізгі іргетасы саналады. Тіл арқылы тілдесе де, бірлесе де аламыз, біріге де, кіріге де аламыз. Ендеше, Тәуелсіздік біздің басты байлығымыз, өмірдегі тірегіміз. Ал, мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің басты құндылығы екендігін ұғынғанымыз жөн.

 

Бостандық аудандық сотының судьясы Нұрбеков А.Б.

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...