12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТІЛ САЯСАТЫНДАҒЫ ТАЛАП ОРТАҚ БОЛУЫ КЕРЕК

Тіл – қатынас құралы ғана емес, ұлттың өмір сүруінің кепілі. Себебі, кез келген қауымды халықтық деңгейге көтеретін құндылықтар тарих, дәстүр, өнер, тұрмыс-тіршілік болса, соның бәрі тілдің қуатымен жасалады. «Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» дегенде Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов ұлт болып ұйысудағы тілдің осы құдыретіне назар аудартты.

Биыл қайраткердің 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр. Яғни, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынов есімі әлем деңгейінде ұлықталды. Осынау тарихи сәт биыл Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесімен тұспа-тұс келіпті. Мұның ерекше символикалық мәні бар. Себебі, Ахмет Байтұрсыновтың қызмет жолы осы адамзаттың рухани қазынасы – тілдің өрісін кеңейтіп, мәртебесін арттырумен тікелей байланысты. Ол өзінің саналы ғұмырында төл тіліміздің тынысын ашып, қолданысын кеңейтуге азамат ретіндегі ұстанымын, ғалым ретіндегі ізденісін, қайраткер ретіндегі күресін арнап өтті. Ұлы тұлғаның мерейтойы мен тілдер күні тоғысқан осынау сәтті Нұр-Сұлтан қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұтымды пайдаланды. Бұл күні құзырлы мекеме өзінің рейдтерінің бірін елордамызда Ахмет Байтұрсынұлы көшесі бойында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғалар арасында жүргізді. Оған халықаралық «Қазақ тілі» аясында жүзеге асып жатқан «Көрнекілік» жобасына қатысушылар, бұқаралық ақпарат өкілдері, қала белсенділері қатысты. Рейд кезінде сыртқы жарнамалар және көрнекі ақпараттарды жазып, орналастыруда «Тіл туралы» заңда айқындалған талаптардың орындалу деңгейін тексеріп, анықтау, мониторинг жүргізу мақсат етілді. Шара барысында осы және жуырда өзгерістер енгізілген «Жарнама туралы», «Тұтынушының құқықтары туралы» заңдар талаптарының сақтала бермейтіні байқалды. Мұның сыртында қалай болса солай жазылған жарнама, көрнекі ақпарат мәтіндері кездесті, Атап айтқанда, стилистикалық, орфографиялық, фонетикалық, грамматикалық қателер, тілдік нормалардың сақталмауы рейд барысында жиі көзге түсті. Жалпы жарнама, көрнекі ақпараттың берілуінде бірізділік жоқ. Олардың бірі латын қарпімен жазылса, енді бірі кирилицамен берілген. Кейбір көрнекі ақпараттардың аудармалары дұрыс емес. Мысалы, «гелиевые шары» деген тіркесті қазақ тілінде «гелий шарлары» деп тәржімалай салған. Ең өкініштісі, бірқатар кәсіпкерлік нысандар атаулары тек қана орыс тілінде жазылыпты. Екі тілде берілгендері де тиісті заңнама талаптарына сай емес. Атаулардың қазақ тіліндегі нұсқасы көптеген нысандар маңдайшаларында, сыртқы жарнамаларында, көрнекі ақпараттарында орыс тілінен кейін жазылған немесе қазақша нұсқасының өзінде жартылай орыс тілінде берілген. Заңды тұлғаларға, мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңының 21-бабында айқындалған талаптарға орай бұл жағдайлардың ережеге сай емес екені түсіндіріліп, атаулар мен жарнамаларды жазудың тәртібі жайлы кеңес берілді. Қуаныштысы, сол сын иелері бұл ескертпелерді түсіністікпен қабылдап, олқылықтарды түзеуге құлшыныс білдірді. Бұл тіл тазалығын сақтау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында осындай жұмыстардың қажеттігін көрсетті. Сондықтан, алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын таба берсе құба-құп. Жалпы, бұған дейінгі жүргізілген рейдтерден байқағанымыздай, осындай заңсыздықтар қала көшелерінің атауларында, сыртқы жарнама мәтіндері мен көрнекі ақпараттарда жиі кездеседі. Бұларды тіл тазалығын сақтау және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру барысында жүргізілетін шараларда алдан шығатын негізгі кедергілер десе де болады. Біздіңше, олқылықтардың орын алуына бірден-бір себепкер, біріншіден, тілдерді дамыту ұйымдарында бақылау құзыретінің болмауы. Өкінішке орай, тиісті заңнамаға сай бұл мекемелер тек қана кеңес беріп, түсіндіре алады. Егер заңды тұлғалар жарнаманы айталық ағылшын тілінде беріп, бұл қажеттіліктен туып отырған шара десе, оларға еш талап қоя алмайды. Бұл ереже елордада жұмыс істеп жатқан немесе қонаққа келіп жатқан шетелдіктердің мүддесіне сай қабылданған болса керек. Қонағын құдайдай сыйлайтын қазақпыз ғой. Десе де, дәл осы тілдік мәселеде осындай пейіл таныту артық сияқты. Өйткені, шетелдіктерге аударма қызметі бар. Екінші мәселе, заңды тұлғалар үшін кәсіпкерлік нысандарын тіркеп, жазуда ортақ талаптың жоқтығы. Әлі күнге дейін осындай бір жүйелі шараның неліктен қабылданбай келе жатқаны түсініксіз. Осының салдарынан біздегі заңды тұлғалар мүлде басқа мемлекетте өмір сүріп жатқандай әсер қалдырады. Олар кәсіпкерлік нысандарына ешбір өкілетті ұйыммен келіспей өздері таңдаған атауды қоя салады. Көрнекі ақпараттарды, жарнаманы да қалаған тілдерінде береді. Мұны бақылап, қадағалауға алу құзыреті бар сәулет ұйымдарының қайда қарап отырғанын ұғу қиын. Әлде олардың өздері мұндай құқылары барын білмей, сезінбей ме немесе бұл міндет өзінің шынайы өз иесін таппай отыр ма? Қалай десек те осы мәселенің ақ-қарасын анықтап, тиімді шешімге келу қажет-ақ. Бұл мәселеге орай халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының меңгерушісі Болат Жексенғалиевтің пікірін сұрағанда, ол өз ойын былайша білдірген еді: – Мұның бәрі жалпы заң талаптарын, соның ішінде «Тіл туралы», «Жарнама туралы» заңдар өлшемдерінің дұрыс түсіндірілмейтінін, нақты кеңес беру шараларының жүргізілмейтінін көрсетеді. «Көрнекі» жобасы аясында осы бағыттағы жұмыстар қолға алыну керек. Меншік иелерінің қатысуымен арнайы семинар өткізу, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде меншік иелері жарнама мен көрнекі ақпаратты тілдік нормаға сәйкес жүзеге асыратын болса, бұл да олардың тіл саясатына қосқан үлесі болатындығын ұғындыру қажет. Рейд барысында заңды тұлғалар қателіктерді түзейміз, немесе жұмысты бастаймыз деп уәде беріп жатты. Дегенмен, қала әкімдігі мен қоғамдық ұйымдар тарапынан осы бағытта атқарылып жатқан жұмысқа заңның орындалысын қадағалайтын құзырлы ұйымдар да араласуы қажет. Өйткені, заң талаптары баршамызға ортақ. Бұл жұмыстар болашақта да жалғасын тапса деген тілегіміз бар. Сонымен қатар, тіл үшін жауапкершілік әрбір азаматтың парызына айналуына қол жеткізу мақсатында идеологиялық жұмыстар қолға алыну керек деп ойлаймын.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Остановить практику смертей за решеткой

МАЖИЛИСМЕНЫ ОБЕСПОКОЕНЫ КРИТИЧЕСКИМ УРОВНЕМ СМЕРТНОСТИ В СЛЕДСТВЕННЫХ ИЗОЛЯТОРАХ И...

Туды көлікке ілуге бола ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.