Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды. Алайда содан бері оған колониядан жұмыс табылмай отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылы қазанда ішкі істер министрінің орынбасары — Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков Перизат Қайратты жұмысқа орналастыру мәселесі оның қабілет-дағдысына және мекемеде бос орындар бар-жоғына қарай шешілетінін айтты.

Tengrinews.kz Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдаған. Нәтижесінде Перизат Қайрат әлі күнге дейін жұмыссыз екені белгілі болды.

«Сотталған азамат сот шешіміне сәйкес мекемеде жазасын өтеп жатыр. Қазір мекемеде бос жұмыс орындары болмағандықтан, ол жұмыс істемейді», — деп жазылған жауапта.

Сонымен қатар, ҚАЖК Перизат Қайрат қай колонияда жазасын өтеп жатқанын атаудан бас тартқан. Дегенмен, комитет мәліметінше, сотталғандар 48 түрлі мамандықтың бірін игере алады. Мәселен колонияда аспаз, ара өсіруші сияқты мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік бар.

Бұдан бөлек, 34 бағыт бойынша қысқа мерзімді курстар қарастырылған.

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат — Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. 

2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. 

Еске салайық, 2025 жылы 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды. 

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.