12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл мен тәуелсіздік егіз ұғым

Ел халқын топтастырудың аса маңызды факторы саналатын мемлекеттiк
тiлдi меңгеру әрбiр қазақстандық үшін парыз. Осы парызға әрқайсымыз
адалдық танытпайынша, республикамызда мемлекеттік тіл мәселесі
өзектілігін жоймайтынын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Сол себепті, қазақ
тілін меңгеріп, оның құндылықтарын арттырып, беделін нығайту кезек
күттірмейді. Жалпы алғанда мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей
байланысты. Тәуелсіздік пен тілді бір-бірінен бөліп қарай алмаймыз. Себебі,
тілдің тағдыры – елдің тағдыры екені дәлелсіз шындық.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі жекелеген мекеме, ұйым немесе
азаматтардың белсенділігімен көтерілмейді, оны дамытуға бүкіл халық,
қоғам болып атсалысу керек. Бұл жолда Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір
адамның үлесі маңызды орын алады. Сондықтан, мемлекеттік тілде сөйлеуді
әрбір қазақстандық өмірлік ұстанымына айналдырып, отбасында, жүрген
ортасында қазақша сөйлеп, қазақ тілінде қызмет көрсетсе нұр үстіне нұр
болар еді.
Тілді сақтау – елді сақтаудың ең басты факторы екенін жас ұрпақ
санасына сіңіру міндеті қазіргі аға буынның жауапкершілігінде. Елді, жерді
сүйетін, мемлекеттің болашағына алаңдайтын әрбір азаматты тіл тағдыры
ойландырмауы мүмкін емес. Мемлекеттік тілдің өсуі де, өшуі де өзімізге
байланысты. Олай дейтініміз, статистикалық мәліметке сәйкес, қазақ халқы
мемлекет халқының 71 пайызын құрайды. Конституциямен бекітілген
мемлекеттік тіл қазақ тілі — ана тіліміз. Тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін
неге барлығымыз қазақша сөйлеп, мемлекеттік тілді өз тұғырына
қондырмасқа?!
Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Кімде-кім ана тілін,
әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға
болмайды» деді. Мемлекеттік тілге деген көзқарасты қоғамның барлық
саласының еңбеккерлері түзеуі керек. Тәжірибе байқатқандай, соттарда
қаралатын істердің басым көпшілігінің орыс тілінде болуына сотқа
жүгінушілер мүддесін қорғайтын адвокаттар мен заңдық көмек көрсететін
өкілдердің қазақшаны жетік білмеуі, сондай-ақ, іске қатысы бар құжаттардың
орыс тілінде болуы әсерін тигізуде.
Заң талабына сәйкес, сотқа талап қою қай тілде берілсе, іс сол тілде
қаралып, сот актісі де сол тілде қабылданады. Соттағы мемлекеттік тілде
қаралатын істер санын арттыру үшін арыз-шағымдар қазақша жазылуы тиіс.
Әлемдік қауымдастық өз болмысымен, ұлттық құндылықтарымен танылған
елді мойындайды, мұны ескерсек, біз дамыған мемлекеттермен мемлекеттік
тілді өз тұғырына қондырғанда ғана иық теңестіре аламыз.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шындығында, тілдік проблеманың
үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей-жай қарап,
немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық
қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін» дегенді бекер айтқан жоқ.«Бірлігі бекем елдің тірлігі көркем» демекші, біздің бірлігіміз — тілімізде,
яғни, мемлекеттік тілде сөйлеуде. Ел заңдары барлық тiлге бiрдей құрметпен
қарауды қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі –
қазақ тілі, сондықтан, азаматтар қазақ тіліне құрметпен қарауға,
Конституцияға бағынуға міндетті. Қазақ тілі еркіндігімізді баянды етер
басты байлығымыз екенін естен шығармайық. .
Талғат Орынғали,
Наурызбай аудандық сотының төрағасы
Алматы қаласы

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...