12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

«Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшінде қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт-дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың  ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады» — деген қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың сөзі бар. Мемлекеттік тіліміз – Тәуелсіз еліміздің тұтқасы. Неліктен…Себебі қазақ елінің есігін ашпақ болсаң, тілін де біл – тұтқасынан ұста. Адамды қоршаған ортамен ұштастырып, азамат ретінде қалыптасуының негізі – тіл. Демек, ұлт тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің тілі, салт-санасы, мәдениеті жоқ ел мемлекет болып қалыптаспайтыны белгілі.

Тіл – ұлт пен ұлтты жақындастыратын айрықша қатынас құралы. Конституциямызда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазылғаны баршамызға аян. Мемлекеттік тілді сақтап, дамыту мемлекет тұрақтылығының, тәуелсіздігінің бір кепілі. «Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады», — деп еліміздің президенті Қасымжомарт Кемелұлы бір сұхбатында айтқаны бар. Мемлекеттік тіл мәселесі – ұлттың мәселесі. Қазір еліміздегі өзге ұлт өкілдері былай тұрсын, орыстанған қазақтарды көріп іштей ашынасың. Қазақ пен қазақтың қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз нәрсе. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, баршамыздың ортақ тіліміз. Еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекеттерінің, қарым-қатынасының құралы болуы қажет, тіл мәртебесін аспандату әрбіріміздің парызымыз. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу маңызы зор құбылыс. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің ауқымын кеңейтуге, дамуына ықпал ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тілді насихаттауда, үйретуде озық әдістемелер кеңінен жасалуы қажет. Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында барынша жұмыстар атқарылып, жан-жақты қамтылғаны абзал. Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымызбен қамқорлығымыз артуы тиіс. Қазіргі таңда көптеген отбасылар балаларын қазақ тілінде оқытатын мектептерге ана тілін жетік меңгеру үшін беріп, оқытып жатқандары қуантарлық жағдай. Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық болса, тіліміздің жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.

Өз тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей. Қазақстан – әлемдегі ең мықты елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек. Еліміздің тілін ұлықтап мәртебесін бірге арттырайық.

А.Ахметжанов,

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған

 ауданаралық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...