12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Тіл-ұлтымыздың қазынасы»

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы «Мемлекеттік тіл-менің тілім» дейтін деңгейге жеткізу үшін бір үйдің баласындай атсалысу қажет. «Тілден биік асқар жоқ,тілден асқан байлық жоқ,тілден терең теңіз жоқ». Кез келген ұлттың не ұлыстың өзін өзгелерден ерекшелеп тұратын басты белгісі-тілі.
Халықтың мәдениеті оның тілімен жасақталатыны белгілі. Өз тіліңді сыйлай білгені, мемлекеттік тілді меңгере білгені.
Тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз. Қазақ тілі- қазақтың мәдениетімен бірге қайнасып жатқан рухани қазына. Қазіргі қазақ тілі – жалпы әлемдік тілдік дамудың биік деңгейінде тұрған дамыған тіл. Ғылыми тарихи жүйеден қарайтын болсақ, біздің тіліміз қазіргі адамзаттың үлкен тілдік арналардың ең бір жетілген саласы болып табылады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығы орасан зор екендігі белгілі, ендеше, алдағы уақытта бұл бағыттағы бірқатар іс-шаралар өз шешімін табатынына сенімдіміз. Қазақ тілінің тағдыры мемлекеттің дамуы және ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігін біздің әрқайсысымыз да терең түсінеміз. Қазақ халқының бүгінгі ұрпағы мақтанғысы келсе, артында осыншама тіл байлығын қалдыра білген бабаларымен мақтана алады. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», – деген екен Бауыржан Момышұлы. Сол тіл мәселесі, оның ішінде мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің тағдыры жайында тіл жанашыры ретінде айтарым: біз тілдің дамуының бүкіл жауапкершілігін өз мойнымызға алдық, өзімізден өзіміз талап ететін кезеңге жеттік. Қазақ тілі үшін бәріміз де қарыздармыз, сондықтан қолымыздан келген қамқорлығымыз бен көмегімізді өз тілімізден аянып қалмайық, өйткені тіл – біздің ертеңгі ұрпақтарымыздың панасы. Қадірменді ағайн өз тілімзді қадірлеп, ұлтымыздың алтын қазынасын дамытуға үлесімізді қосайық.

Зияш Зайнуллина, БҚО, Бөкей ордасы аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...