Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің айнасы. Оның бойында ұлттың тарихы, салт-дәстүрі, дүниетанымы мен рухы жатыр. Сондықтан әрбір халық өз ана тілін сақтап қана қоймай, оны күнделікті өмірде кеңінен қолданып, дамытуға үлес қосуы тиіс.

Қазақ тілі – мағынасы терең, сөздік қоры бай, синонимдік тіркестері мол, көркем де шұрайлы тіл. Халқымыздың жыраулары, билері мен шешендері ана тіліміздің құдіреті арқылы ел бірлігін нығайтып, дауларды шешіп, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. Ал Абай қазақ тілінің көркемдік мүмкіндігін жаңа деңгейге көтеріп, оның құдіретін бүкіл халыққа таныта білді.

Тіл – ұлттың өмір сүруінің басты негіздерінің бірі. Ана тілімізді құрметтеу, оны сақтау және дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өз тіліңді сүю өзге тілге құрметсіздік таныту деген сөз емес. Керісінше, өз ана тілін қадірлей білген адам өзге халықтың тілі мен мәдениетін де құрметтей алады.

        Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуына тұрақты көңіл бөлінеді. Судьялар мен сот мамандары мемлекеттік тіл мәселесіне арналған дөңгелек үстелдер өткізіп, мақалалар жариялап, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықпен тығыз байланыс орнатып келеді.

2026 жылдың 7 айында сотқа азаматтардан 1977 талап қою арызы түссе, оның 365-і мемлекеттік тілде берілген. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде түскен 2178 талап қою арызының 312-сі мемлекеттік тілде болған. Яғни, мемлекеттік тілде берілген талап қою арыздарының саны 53-ке артқан. Бұл мемлекеттік тілдің сот жүйесінде қолданылу аясының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тек мемлекеттік қызметшілердің ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. «Өсер ел, алдымен өз тілін қадірлейді» дегендей, ана тілімізді күнделікті өмірде кеңінен қолдану арқылы ғана оның мәртебесін асқақтата аламыз.

Тілге деген құрмет – елге деген құрмет. Сондықтан ана тілімізді ардақтап, оның дамуына әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Батыс Қазақстан облысының 

мамандандырылған ауданаралық 

экономикалық сотының 

бас маманы                                                                       Алимбаев Бауыржан Жомартұлы 

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...