Тіл – ел байлығы

Тіл —  басты байлығымыз, ол қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына жол бермеуі тиіс.

Тіл – ұлттың жаны. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, сол елдің басты құндылығы болып табылады. Халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы.»

Тіл — қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Мемлекеттік тіл – еліміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатындықтан, жүргізетін барлық іс-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ қалыптастыру. Ал ана тілін жақсы біліп,тіл байлығын мол қолданбайынша, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, шын мәнінде мәдениетті адам бола алмайсың.

«Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін,жерін  сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

 Кез келген тілдің болашағы – балалардың, жастардың қолында екені рас. Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы – ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды.Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында.Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық.

 Г.Х.Шаров, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

                                                                                    

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...

Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности

Казахстан занял 41-е место среди 143 стран и территорий...

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...