spot_img
spot_img

Тіл – болашағы, ұлт болашағы

Тіл – ұлттың жаны, халықтың  асыл бейнесі, намысы, тыныс тіршілігінің  көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің  үні. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл — ең керемет қатынас құралы. Ана тілінің қадір — қасиетін  біле  білген халқымыз  оны  ұлттың рухына, қазына  байлығына  балайды.                      

Тіл — халықтың  жаны, сәні, тұтастай  кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің қасиетті  мұрамыз,  ана тіліміз — қазақ тілі. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, тілдердің ішіндегі ең бай, көркем, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл.

Тіл – қашанда ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндік те бар. Өз тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет бала кезден басталуы керек. Айналадағы адамдарға, өзінің өскен ортасына, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарастың бастауын да сол туған тілімізден аламыз. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының даму құралы.

Тіл тұтастығын жоғалтып алсақ оны қайта құрастырушы  халық. Қазақ тілі   жеке бір қазақ адамның тілі емес, барша мемлекеттің ортақ тілі.  Біз өз тіліміздің қаншалықты бай екендігін өзгелердің көзінше қиналмай-ақ жеткізе аламыз. Таза, мәнерлеп, сөздің майын тамыза сөйлеу арқылы сен өз тіліңді қандай дәрежеде құрметтейтініңді дәлелдей аласың. Тарихымыз, өткеніміз қаншалықты құнды болса, тіліміз де соншалықты құнды болмақ.

Тараз қаласының 

мамандандырылған тергеу сотының

бас маман- сот отырысының хатшысы

Р. Манапов

Тарих және тұлға Шоқан– қазақтың тұңғыш заңтанушы реформаторы

         Шоқан – патшалық Ресей мемлекетінің қол астында қызмет еткенімен, өзінің...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-тарауында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың...

Отбасындағы бейбітшілік – қоғамның берекесі

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылы 16...

26,3 млн тонн зерновых намолочено в КазахстанеО ходе уборочной кампании рассказали в Минсельхозе

Как сообщили в Министерстве сельского хозяйства РК, уборочная кампания...

Ұлттық музыка мұрасы Александр Затаевичтің зерттеулерінде

«Ауыл» партиясының Орталық аппараты және Алматы өңірлік филиалының ұйымдастыруымен...