Тіл – басты құндылық және ұлт тұтқасы

Тіл — ел тәуелсіздігінің айғағы. Қай ұлттың болсын туған тілі қастерлі де қасиетті. Қазақ тілі тәуелсіздікпен бірге дамып, мәртебесін биіктетіп келеді.

Тіл – әрбір елдің рухани келбеті мен мәдени болмысының айнасы. Ол тек адамдар арасындағы байланыс құралы ғана емес, халықтың дүниетанымын, өмір салтын, тарихи жады мен ұлттық ерекшелігін бейнелейтін басты құндылық.

Ұлттың тілі – сол елдің мұраты әрі алтын тұтқасы. Халық тілімен бойындағы бар асылды ұрпағына дарытады. Ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін сүюімен, өз ана тілін ардақтай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін білуге болады. Тіл арқылы ұлттың өткені сақталып, оның рухани мұрасы мен құндылықтары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі.

Қазақ тілі – халқымыздың ұлт ретінде қалыптасуына негіз болған, оның мәдениетін, салт-дәстүрін сақтаушы және болашаққа жеткізуші маңызды құрал. Қазақ тілінің мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етудегі рөлі де ерекше. Кез-келген елдің тұрақтылығы оның азаматтарының ортақ құндылықтар төңірегінде топтасуына байланысты. Тіл – осындай біріктіруші күштердің ең маңыздысы. Әлемдегі дамыған мемлекеттерде мемлекеттік тіл ел бірлігін нығайтуда шешуші рөл атқарады.

Қанымызға сіңісті, жанымызға жұғысты, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын өзіміздің мемлекеттік тіліміз. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы. Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату –

Әрбір қазақстандықтың абзал борышы.  Біздің барша ұлттық келбетіміз бен  болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз  осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Иә, бүгінгі қоғам өзге тілдерді үйренуге ешқандай шек қоймайды. Алайда қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әрбір қазақ азаматының үлес қосқаны жөн. Сонымен қатар қазақ тілі тек ресми құжаттар мен заң аясында ғана емес, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Өйткені тілдің дамуы – мемлекеттік дамуы.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру үшін оның қолданылу аясын кеңейту маңызды. Бұл ретте білім, ғылым саласы мен мемлекеттік басқару және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілінің кеңінен қолданылуы елдің рухани тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі қадам болмақ.

Қазақ тілі – ұлттың рухани байлығы, елдің тұтастығы мен болашағының кепілі. Оны сақтау және дамыту – әрбір азаматтың парызы. Тілдің шын мәнінде қоғамда өз орынын табуы үшін оны күнделікті өмірде қолдануымыз қажет.

Мемлекеттік тіл – тек заңмен бекітілген мәртебе емес, ол біздің санамызда, жүрегімізде орнығуы тиіс. Ұлттық болмысымызды сақтап, тәуелсіздігімізді нығайтудың жолы – ана тілімізге деген құрмет пен қамқорлықтан басталады. Қазақ тілін бағалайық, дамытайық, болашаққа бірге алып барайық. Сондықтан, тілді білу, елдіктен ажырамаудың тетігі екенін ұмытпайық !

 Ақтөбе қаласының маманданыдырылған тергеу сотының соттар әкімшісінің басшысы Нәбияқызы Зульфия

Многовекторность как основа политики

На фоне эскалации конфликта на Ближнем Востоке, Министерство иностранных...

Почему участие присяжных в вопросах УДО – это шаг назад? 

В ПОСЛЕДНЕЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНЕ МНОГО ДИСКУССИИ ВОКРУГ ПРОЕКТА...

 «Как стать изобретателем и получить патент на изобретение»

Изобретатель – это звучит гордо, ведь благодаря их изобретениям...

Қалай өнертапқыш болуға және өнертабысқа патент алуға болады

Өнертапқыш - бұл мақтанышпен естіледі, өйткені олардың өнертабыстарының арқасында...

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановқа – 160 жыл

Қазақ халқының жаңа тарихындағы ең ірі саяси әрі рухани...