Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы

Қазақ тілі — қазақ халқының рухани байлығы, алтын қазығы, бет-бейнесі, ата-бабаларымыздан қалған мұра, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі, ұлттық болмысымыздың айқын көрінісі. Тіл дүние есігін ашып, сәби болып келген кезден бастап әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Әлемді қай тілмен таныса, сол тіл ол адам үшін өте қымбат болады.

Қазақ тілі арқылы біз өзіміздің тарихымызды, салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтаймыз және ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз. Тіл арқылы халықтың ой-өрісі, дүниетанымы қалыптасады. Қазақ тілі – біздің рухани байлығымыздың негізгі кілті , өткеніміз бен болашағымызды байланыстыратын көпір.

«Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы». Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру.

Тілдің маңыздылығын арттыру үшін оны күнделікті өмірде қолдану, жаңа ұрпаққа үйрету, оның дамуына үлес қосу маңызды. Қазақ тілінде сөйлеп, жазып, оқып үйрену – әрбір қазақ азаматтың міндеті. Тілге деген құрмет – ұлтқа деген құрметтің белгісі.

Қорытындылай келе, тіл – ұлттың жаны, жүрегі, рухани қазынасы. Оны қорғау, дамыту, келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз. Тілдің алтын қазынасы біздің жүрегімізде, санамызда, болмысымызда мәңгілікке сақталмақ. Туған тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, құрметін арттырсақ, ұлтымыздың болашағы жарқын болары анық.

Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл –бүкіл бір халықтың жүрегі. Ана тілімізбен мақтанып, туған тілімізді құрметтеп жүрейік.

Н.Өмірбай Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлған ауданаралық сотының судьясы

Елордадағы емханада жаңа Конституция жобасы талқыланды

Астанадағы №11 қалалық емханада жаңа Конституцияның негізгі бағыттарын түсіндіруге...

Төтенше жағдай қызметінің маңызы

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде төтенше жағдай қызметінің рөлі ерекше....

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған...

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...