Тіл – адамзат қоғамындағы ең маңызды құндылықтардың бірі

Ол адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, ой-пікірін білдіруіне және мәдениетін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіне мүмкіндік береді. Кез-келген халықтың өз тілі – оның тарихы мен рухани байлығының айнасы.

Қазақ халқы үшін қазақ тілі – ұлттың жаны мен жүрегі. Тіл арқылы халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, даналығы мен дүниетанымы сақталып келеді. Бабаларымыздан қалған мақал – мәтелдер, жыр – дастандар мен шешендік сөздер – тілдің байлығы мен көркемдігін дәлелдейді.

Тіл тек қарым – қатынас құралы ғана емес, ол – мәдениеттің негізі. Адам өз ана тілін жақсы білсе, ол өз халқының тарихын мәдениетін, ұлттық құндылықтарын терең түсінеді. Сондықтан әрбір азамат өз ана тілін құрметтеп, оны дамытуға үлес қосуы керек.

Қазіргі заманда тілдің маңызы одан әрі арта түсті. Ғылым мен технология дамыған сайын, тіл де жаңа сөздермен толығып, дамып отырады. Қазақ тілінің де қолдану аясы кеңейіп, білім беру, ғылым, мәдениет салаларында кеңінен қолданылып келеді. Тіл арқылы адамдар білім алады, ғылым дамиды, әдебиет пен өнер қалыптсады. Ұлы ақын – жазушылар өз шығармаларында тілдің көркемдігін көрсетіп, оны байытады. Сондықтан тілді дұрыс қолдану, оны дамыту және сақтау – әрбір адамның міндеті

Қорытындылай келе, тіл – халықтың рухани қазынасы. Тілді сақтау, дамыту және құрметтеу – әрбір адамның борышы. Ана тілімізді ардақтап, оны болашақ ұрпаққа таза күйінде жеткізу – бәріміздің ортақ міндетіміз. 

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Е.М.Жусупов

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...