Тіл – ұлттың келбеті. Ал, мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің белгісі 

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра екендігі белгілі. Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», — деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған.Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы.

Рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың арқасында қазақ елі асты-үсті байлыққа толы ұлан-байтақ жерге; біртұтас, бай тілге; дамыған ұлттық өнер мен мәдениетке; табиғатпен және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге бағыттайтын қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі сияқты көп құндылықтарға ие болып келген. Сол себепті кез-келген халық өзінің туған тіліне, оның тағдырына немқұрайды қарай алмайды. 

Тіл- қарым-қатынас, ойды жеткізудің құралымен қатар, тәрбиенің де құралы. Ана тілінде тәлім тәрбие алған ұрпақ азамат болғанда өз ұлтына тән табиғи мінезді бойына сіңіре алады. Тілдің өзіндік ойлау жүйесі жас жеткіншектің сана-сезімін қазақи ұлттық ұғымға бейімдейді. Тілі мен мәдениеті шалқыған халықтың ғана үні естіліп, даусы шығады.Тіл мәселесі өте нәзік, оны шынайы ынталылықпен, ұқыптылықпен үйлестіре отырып игеру қажет. Тіл- сан ғасырлық тарихи мәні бар тәжірибені, өнерді, мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін құрал десек, оны игеруге мүмкіндік ашатын да – тіл.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі       мамандандырылған ауданаралық сотының 

бас маман сот отырысының хатшысы  Р.Айтмамбетова

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...