TikTok бір тоқсанда Қазақстанда 1,5 млн-нан астам видеоны бұғаттады

2025 жылдың шілде–қыркүйек айлары аралығында TikTok платформасы Қазақстанда қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін 1,5 миллионнан астам видеороликті өшірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы компания 10 ақпанда әлем бойынша атап өтілетін Қауіпсіз интернет күніне орай хабарлады.

Есепке сәйкес, өткен жылдың төртінші тоқсанында республика аумағында 1 567 613 видео жойылған. Контенттің 99,7%-ы пайдаланушылардың шағымынсыз, яғни проактивті түрде бұғатталған. Ал роликтердің 94,8%-ы жарияланғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде өшірілген. Бұл көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден жоғары. Салыстыру үшін, 2025 жылдың екінші тоқсанында (сәуір–маусым) Қазақстанда 1,4 млн-нан астам видео жойылған.

Компания дерегінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында әлем бойынша қауымдастық ережелерін бұзған 200 млн-нан астам видео өшірілген. Оның 99,3%-ы проактивті түрде бұғатталса, 94,8%-ы жарияланғаннан кейін бір тәулік ішінде жойылған. Сонымен қатар платформа тікелей эфирлердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. 2025 жылдың үшінші тоқсанында әлемде 32 млн-нан астам LIVE-трансляция бұғатталған.

TikTok тікелей эфирлерді монетизациялау үдерісіне қатысты бақылау шаралары туралы мәліметтерді де жариялауды жалғастырды.

Алдымен авторларға ескерту жасалады. Бұл олардың контенті ережелерге қайшы болуы мүмкін екенін түсінуге және өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді. Егер заңбұзушылықтар жалғасса, TikTok автордың тікелей эфирлердегі монетизация мүмкіндігін шектеуі мүмкін, – делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, 2025 жылдың екінші тоқсанында 2 321 813 трансляция мен 1 040 356 стримерге ескерту және демонетизация шаралары қолданылған. Ал үшінші тоқсанда шектеу қойылған эфирлер саны 69%-ға өсіп, 3 914 684-ке жеткен. Шектеуге ұшыраған аккаунттар саны 2,1 млн-нан асқан.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.