12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тігін цехында жұмыс жасайтын сотталғандар

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басты міндеттерінің бірі- сотталғандарды жұмыспен қамту. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде сотталғандардың 80 пайызы жұмыспен қамтылған. Олар қала аумағында 30-дан астам кәсіпкерде жұмыс жасайды. Мекеме әкімшілігі жуырда тағы бірнеше сотталғанды қала орталығындағы тігін цехына жұмысқа орналастырды. Тігінші ретінде жұмыс жасайтын әйел азаматшалар тігіннен хабары барлар. Олар киімді пішу, тігу жұмыстарымен айналысады. Көбінесе қыз-келіншектердің көйлектерін, формалы киімдер тігеді.

Біз тігін цехында барғанымызда тігіншілер қызу жұмыс үстінде екен. Тігінші Айнұрдың айтуынша қажетті маталармен тігін цехынынң басшысы қамтамасыз етеді. Алдымен олар киім пішу жұмыстарын жасап, әрбір көйлектің өзіндік үлгісін жасап, ерекше тігілуіне мән береміз. Жалпы тігіншілікті анамның жанында жүріп үйренгенмін. Тігін машинасымен жұмыс жасау маған қиындық тудырмады. Жұмысқа бірден кірісіп, тапсырыстарды уақытында дайындап беріп жатырмыз. Жалақы уақытында беріледі. Өзімізге қажетті заттарды алып, артылғанын отбасыма жіберіп отырамын. Бостандықтың қадірін кеш түсінгеніме өкінемін. Жаза мерзімімді өтеп отбасыма тезірек ормалғым келеді»,- дейді сотталған азаматша.

Мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы Айгүл Ботпанованың айтуынша жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған. Қазіргі таңда 30-дан астам кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50 пайызы мемелекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарланған дейді әділет капитаны А.Ботпанова.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...