12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы ретінде құрылып, өз жұмыстарын 2018 жылдың тамыз айынан бастады. Бұл оларға қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндірісте сот бақылауына мамандануға мүмкіндік берді. Еске сала кетейік, тергеу соттары келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Біріншіден, бұл прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне әрекеттері мен әрекетсіздігіне қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау, екіншіден, күзетпен ұстау, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шараларына санкция беру; сондай-ақ органдардың тергеу әрекеттерін, мәжбүрлеу шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, тергеу судьясы – қылмыстық сотқа дейінгі іс жүргізуде адамдардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын бірінші сатыдағы соттың судьясы. Оның мақсаты – қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттерінің алдын алу, заң талаптарын адал орындайтын азаматтардың құқықтарын қорғау.

Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан қаралатын мәселе бойынша қосымша мәліметтерді талап етуге, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барлық материалдарымен танысуға және оларды зерделеуге, процеске қатысушыларды сотқа шақыруға құқылы.

Сондай-ақ, азаматтар тергеу соты арқылы Қылмыстық процестік кодексінің 106-бабына сәйкес шағым беру арқылы өз құқықтарын қорғай алады. Шағымды тергеу судьясы үш күн ішінде сот отырысын өткізбей жалғыз қарайды. Заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды тексеру қажет болған жағдайда, тергеу судьясы шағымды он күн мерзімде соттың жабық отырысында тиісті тұлғалардың қатысуымен қарайды.

Мамандандырылған тергеу соттарында Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес материалдар мен шағымдарды қараудың маңыздылығы мен тиімділігі жыл сайын артып келеді.

Тараз қаласының мамандандырылған

тергеу сотының төрағасы

Р.Т. Исмаилова

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...