12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тергеу судьясының құзіреті маңызды

Қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған азаматтардың құқықтарын қорғау механизмі тергеу судьяларының қызметі болып табылады.  Тергеу судьяларының институты 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет ете бастады. Тергеу судьясы қылмыстық сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі сатыларында адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуіне жол бермеуді қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.

Тергеу судьясы – сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық-процестiк кодексте көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асыратын бiрiншi сатыдағы сот судьясы. Оны аудандық сот төрағасы тағайындайды. Ол Қылмыстық-процестiк кодекстiң 55-бабына сәйкес, күзетпен ұстауды, үйқамақты, лауазымынан уақытша шеттетудi, жақындауға тыйым салуды, экстрадициялық қамақты, мүлікке тиым салуды санкциялау, күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзiмдерiн ұзарту, кепiлдi қолдану; күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, мәйiттi эксгумациялау, күдiктiге, айыпталушыға халықаралық iздеу жариялау мәселелерiн қарайды.

Бұл ретте, тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізделген шешім шығару үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы қаулы етеді.

Тергеу судьяларына жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғайтын адамдардың белсенділігі артып келеді. Тергеу судьясы анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң және прокурордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешiмдерiне жасалған шағымдарға баға бередi. Адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейiнгi iс жүргiзуде процестiк мiндеттердi орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндiрiп алуды қолдану тергеу судьясының құзырында. Прокурордың ұсынуымен қылмыстық iс бойынша процестiк шығындарды өндiрiп алу туралы мәселенi қарайды. Бұдан басқа да тергеу судьясы қарайтын мәселелер көп. Тергеу судьясы iстiң сапалы қаралуына мүдделi екенін де айта кеткен жөн. Жалпы тергеу судьясы қылмыстық іздестіру органдарының лауазымды тұлғалары мен прокуратура тарапынан салғырт  қараушылыққа тосқауыл қою мақсатында енгізілген болатын. Алдағы уақытта тергеу судьясының құзіретін кеңейте түсу жоспарлануда.

Сот практикасында туындаған мәселелер бойынша прокуратура, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, тергеу судьясының қызметін жандандырудың тетіктері сараланып, бірізді тәжірибе қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Карибаев Эрнар Кенжебекович, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...