Қай уақытта болмасын мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік институты жас қызметкердің тұлға ретінде қалыптасуына өте маңызды рөл атқарады.
Сондықтанда қылмыстық атқару саласына қарасты №68 мемлекттік мекемесіндегі 13 тағлымдамашыға 6 тәлімді тәлімгерлер тағайындалған. Сондай тәлімгерлердің бірі Ибраимов Сунгат Смагулович.
Өзінің ішкі істер саласындағы 21 жылдық еңбек өтілі тәжірбиесін жинақтаған маман тергеу изоляторы қызметінің бар қыр-сырын жетік меңгерген. Теориялық білімнен гөрі, практикалық білік дағдыларды көбірек қажет ететін қыллмыстық атқару саласының бұл мекемесінде жұмыс жасау, қиынның қиыны.
Олай дейтінім, қауіпсіздігі аралас мекеме болғандықтан мұнда әртүрлі қылмыспен тартылған азаматтар келіп түседі. Сондықтан мен, арнайы контигентпен тікелей жұмыс жасайтын жас мамандарға алдымен сақтық пен қырағылық ауадай қажет екенін айтып түсіндіремін.
Бекітілген тәлімгер ретінде оларды жұмыстағы қажетті дағдылар мен машыққа ие болуға баулимын. Бастауыш маманға жаңа ұжымда бейімделуіне септігімді тигізуді өзімнің алдыңғы толқын аға ретіндегі міндетім деп санаймын.
Тағлымдамашы ретінде сынақ мерзімімен алынған жастарға еңбек жолында кездескен қиындықтарды өткеруге, өзімнің кеңесімді беріп, қолдауымды көрсетіп келемін — дейді, РжКБ- нің аға корпусшысы, әділет старшинасы Ибраимов Сунгат.
Ия, шынында да, әділет старшинасы Ибраимов Сунгат тәлімгерлік жүргізу барысында жаңадан келген әріптестерінің кәсіби бейімделуіне және лауазымдық міндеттерді орындау кезінде туындаған кәсіби қиындықтарды жеңуіне көмек көрсетуден жалыққан емес.
Қызметтік борышын үлгілі орындап, жаңадан кірген қызметшінің кәсіби қалыптасуы мен тәрбиесіне елеулі үлесін қосып келе жатыр.
Өйткені ол өзінің осы уақытқа дейінгі тергеу изоляторындағы барлық қызметтерін адал және мінсіз атқарған, тәлімді тәлімгерге айналған маман иесі.