Елімізде түзеу мекемелеріндегі тұтқындағылардың тұрмыстық жағдайлары күн тәртібінен түспейтін мәселе. Өйткені, жазасын өтеушілер бас бостандығынан айрылып, қапасқа қамалғанмен де, жылы, жайлы жағдайларда өмір сүруге құқылы.
Заң шеңберінен аттап, құқық бұзғандардың жазалау орындарында бостандықтағыдай қалауы орындалмаса да, темір тордың арғы жағындағы азаматтарға да өмір сүрерлік жағдай жасалған. Осы ретте Қылмыстық атқару саласына қарасты, Қызылорда облысындағы № 68 мемлекеттік мекемесіндегі қамаудағылардың тұрмыстық жағдайларын жасау мекеменің Тылмен қамтамасыз ету бөліміне жүктелген.
Бұл бөлімді бүгінде Стамшаев Асқар Қадрияевич басқарады. Бөлім бастығы ретінде, өзіне міндтелген қызметіне жауапкершілікпен қарап, әр істің көзін тауып, дұрыс ұйымдастыра білуінің нәтижиесінде, біршама жұмыстар атқарылды.
Соның бірі ретінде, мекеменің күздік- қыстық дайындық жұмысы жайлы былайша баяндап берді: 2022- 2023 жылға күзгі- қысқы дайындық, жоспар бойынша жүзеге асты. Алдымен мекеменің әкімшілік ғимаратының қабырғаларына сылау, әктеу жұмыстары жүргізілді.
Одан соң, арнайы ғимараттың 1,2,3-қабаттарындағы камералардың еден ағаштары жаңартылып, темір терезелері, есіктері сырланды.
Кей ақауы бар жерлердегі кәріз жүйесі вентильдері, крандары алмастырылды.
Мекемеде орнатылған ішкі және сыртқы задвижкаларына толығымен ревизия жұмыстары жүргізілді.
Ең бастысы әкімшілік және арнайы ғимаратқа жылу жүйесіне ауамен баптау (опрессовка) қызметі жасалынды.
Сотталғандардың қысқы киімдері мен жылы төсек орындарына қаражат қарастырылып, сол іс-шара аясында бүгінгі таңда мекеме қоймасына қыстық киімдер толығымен жеткізілген.
Қорыта айтқанда барлық камералардағы жуу және жатын орындары санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жабдықталып, түнгі уақыттарда электр жарығы берілген.
Бүгінгі таңда тергеу изоляторы ғимараттары қысқы жылу жүйесіне қосылуға толықтай дайын.