12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы шаруашылық жасағындағы сотталғандар ерекше атап өтті. «Жасыл ел», «Бәйтерек», «Қызыл алма» деп атау қойған үш командаға бөлінген сотталғандар Республика жетістерін көрсету мақсатында өзара сайысқа түсті.

Жарысқа қатысушылар бірінші турда командаларын мағыналы сөздермен таныстырса, екінші турда өз өнерлерін көрсетті. Ал үшінші турда берекелі күздің белгісі – жеміс-жидектерден түрлі бейнелер жасап, өз шеберліктерін ортаға салды.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев жетекшілік еткен әділқазылар шешімімен «Бәйтерек» командасы жеңімпаз деп танылып, «Magzona» дүкенінің директоры Айбек Дәуренұлының атынан бағалы сыйлыққа ие болды. Басқа командаларға мекеме бастығының Алғыс хаттары табысталды.

Еліміздің басты мерекесі – Республика күнінің құрметіне арналған жарысты мағыналы өткізуге ат салысқан барлық команда мүшелеріне Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №72 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Рахат Сәбитұлы Нұрбеков олардың тезірек бостандыққа шығып, отбастарына оралуларына тілектестік білдірді.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...