spot_img
spot_img

Тергеу изоляторы қызметкерлеріне «Ихсан- рухани тәрбие негізі» кітабы табысталды

Елімізде орын алған жағдайға байланысты және бұған дейін де, радикалды идеология, діни экстремизм мен теороризмнің алдын алу және оңалту мақсатында, мешіт имамдарымен бірлесе отырып, ЗК-169/1тергеу изоляторында біршама жұмыстар атқарылып келеді.

Сондай шаралардың жалғасы ретінде мекемеге, Қызылорда облыстық орталық Ақмешіт Сырдария мешітінің наиб имамы Ислам Маратұлы келді.

Облыстағы діни оңалту жұмысына жауапты бұл маман өзімен бірге,
ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Наурызбай Тағанұлы жазған
‘Ихсан- рухани тәрбие негізі» атты кітапты алып келіп, АКАӘПТЖБ-нің теолог маманы Р. Рузиевке табыс етті.

  • Бұл кітап үш тараудан тұрады.Онда ‘Жаратушы Аллаға Ихсан»Тұлғалық ихсан’ ‘Ихсан және қоғам’ сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген. Кітаптың тілі жеңіл, кез келген адам оқып түсінуге болады.
    Ихсан-нәпсі тәрбиесі. Мұсылман баласы кемелдікке жету үшін, ең алдымен өзін өзі жеңіп, нәпсісін тәрбиелеуі керек.

Бүгінгі таңда рухани құндылықтар әлсіреп, адами қасиеттер азайғанда, бұл кітаптың рухани байлықты арттырудағы маңызы зор.
Жақында ғана елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктің белең алуы да, сол рухани жұтаңдықтан деп білемін.

Бұл кітапта жазылғандай, ‘Алла саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ, жер жүзінде бүлік жасама! Алла бұзақыларды сүймейді’- деп, әкелінген кітаптың маңыздылығын түсіндіріп берді.

Құнды дүниенің құндылығын түсінетін, әділет майоры, мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Қ. Олжабаев: Әкелген кітабіңіз үшін Сізге және осы игі істің бастамашысы болған ҚМДБ Қызылорда облысының бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлына ризашылығымызды білдіреміз. Кітаптың мекеме қамауында ұсталынып отырған азаматтарды қайта тәрбиелеуде, соның ішінде дұрыс діни көзқарастарын қалыптастыруға қосар үлесі мол болатынына сенімдіміз.

Ия, шынында да, дін мен әдебиеттің мақсаты — ұрпақты ұлағатты іске тәрбиелеу, адамзатты жақсылық пен ізгілікке үндеу болса, онда бұл кітаптың қылмыскерлерді өмірге қайта тәрбиелеп жүрген ҚАЖ қызметкерлерінің теологиялық жұмыс барысында пайдалануда маңызы зор.

«Абай жұлдызы» премиясының жеңімпазы анықталды

Абай облысы, Семей қаласында өткен «Абай жұлдыз» инста-премиясы өңірдің...

ҚАЖ қызметкері құрметті демалысқа шықты

Ұзақ жылдар бойы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79...

Үш күндік оқу курстары өтті

ҚАЖД №79 мекемесінде “Свет Маяка Надежды ” әлеуметтік жобалар...

«Абай жұлдызында» Әсемгүл Оразбаева жеңіске жетті

Абай облысы, Семей қаласында өткен «Абай жұлдыз» инста-премиясы өңірдің...