Тергеу – қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, кінәлі тұлғаларды анықтау және заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту мақсатында жүргізілетін процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Тергеу жұмыстары құқық қорғау органдарының маңызды қызметтерінің бірі болып табылады және қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, тергеу қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуді көздейді. Тергеу барысында дәлелдемелер жиналып, тексеріліп және бағаланады. Бұл әрекеттердің барлығы заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс.
Тергеудің негізгі мақсаттары
Тергеудің басты мақсаттары мыналар болып табылады:
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау;
2. Қылмыс жасаған тұлғаны табу және оның кінәсін дәлелдеу;
3. Жәбірленушінің құқықтарын қорғау;
4. Әділ сот төрелігін қамтамасыз ету;
5. Қылмыстың алдын алу.
Тергеу тек қылмысты ашылумен шектелмейді. Ол азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын сақталуын қаматамасыз етеге де міндетті.
Тергеу кезеңдері
Тергеу бірнеше кезаңнен түрады
- Қылмыстық істі тіркеу – қылмыс туралы арыз немесе хабарлама түскеннен кейін, ол бірыңғай тізілімге енгізіледі. Осыдан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады.
2. Дәлелдемелер жинау – тергеуші куәлардан жауап алады, сараптамалар тағайындайды, оқиға орнын қарайды және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізеді.
3. Күдіктіні анықтау – жиналған дәлелдер негізінде күдікті тұлға анықталып, оған қатысты процессуалдық шаралар қолданылады.
4. Айып тағу – күдіктінің қылмысқа қатысы дәлелденсе, оған ресми түрде айып тағылады.
5. Істі сотқа жіберу – тергеу аяқталғаннан кейін іс прокурор арқылы сотқа жолданады.
Тергеушінің құқықтары мен міндеттері
Тергеуші- қылмыстық істі тергейтін лауазымды тұлға . Оның негізгі міндеті-істі заң талаптарына сәйкес әділ және обьективті зерттеу
Тергеушінің құқықтарына: жауап алу, сараптама тағайындау,тінту жүргізу,құжаттардвы талап ету, бұлтартпау шараларын қолдану туралы ұсыныс енгізу жатады.
Сонымен қатар тергеуші: адам құқықтарын сақтауға, заңдылықты бұзбауға, барлық дәлелдерді әділ бағалауға міндетті.
Тергеу әрекеттері
Тергеу барысында әртүрлі процессуалдық әрекеттер жүргізіледі. Олардың қатарына: жауап алу, беттестіру, тінту, алу, тану үшін көрсету, сараптама тағайындау, оқиға орнын қарау жатады. Әрбір тергеу әрекеті заңда белгіленген тәртіппен рәсімделеді.
Қорытынды
Тергеу – қылмыстық сот өндірісінің маңызды бөлігі. Оның басты мақсаты – ақиқатты анықтап, заңдылықты қамтамасыз ету. Әділ және сапалы жүргізілген тергеу қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады.Сондықтан тергеу органдарының кәсібилігі мен заңды сақтау қағидалары ерекше маңызға ие.
Т.И.Алдабергенов, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының сот әкімшісінің басшысы


