ТЕМЕКІ ӨНІМІНЕ САЛЫҚ ЖОҒАРЫ

Денсаулығына әрбір адамның өзі жауапты, дегенмен бұл жауапкершіліктен мемлекет те тыс қалмайды. Яғни, барлық ел өз азаматтарының денсаулығы мен өмірін сақтауға міндетті. Сондықтан әлемнің бірнеше елінде алкоголь, темекі секілді зиянды әдеттерге қарсы әртүрлі заң қабылданған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 31 мамырды Дүниежүзілік темекісіз күн ретінде ресми түрде жариялады. Мұның өзі темекі өнімдері мен бұйымдарының адам өмірі мен денсаулығына тигізер қаупін айғақтайды.

Конституциясы «Мемлекеттің басты байлығы – адам» деген баппен басталған Қазақстан үшін халық денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ. Бұл тақырыпты қозғап отырғанымыз, ресми ақпараттар темекі шегу салдарынан әлемде жыл сайын 8 миллионнан астам, ал бізде 18 мың адамның көз жұматынын көрсетіп отыр. Сол себепті елімізде темекі өнімдері мен алкогольді ішімдіктерге қатысты заң нормалары күшейтіліп, азаматтарды зиянды әдеттерден арылту шаралары, әсіресе, соңғы жылдары белсенді түрде жүргізілуде. Мұндай игі істер Қазақстанда салауатты өмір салтын ұстанатындар қатарын көбейткенін статистика жоққа шығармайды. Бұған қоса, елімізде темекі өнімдеріне салынатын салық түрлері артты. Атап айтсақ, табак өнімдерінің басқа түрлерімен бірге қыздырылған темекі бұйымдарына акциздер құны кезең-кезеңімен көтерілмек. Мысалы, былтыр қыздырылған темекі өнімдеріне акциз 1000 данасына 9870 теңге болса, биыл бұл сома 11 130 теңгеге тең болды. Келер жылдан бастап акциз осылайша біртіндеп өсе береді. Темекі өнімдері мен бұйымдарының қымбаттауы өз кезегінде оларды пайдаланушылар қатарын азайтары анық. Сонымен қатар, Қазақстанда жасы 21-ге толмаған жастар мен жасөспірімдерге темекі өнімдерінің барлық түрін сатуға тыйым салынды. Әрі қоғамдық орындарда оларды тұтынуға заңмен жауапкершілік қарастырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 441-бабына сай, тыйым салынған орындарда темекі шегу жеке тұлғалар үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлға әкеп соғады. Егер мұндай әрекет бір жыл көлемінде тағы қайталанса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-қа дейін артады. Осы баппен ұшақ бортында темекі тартқандарға 50 АЕК айыппұл қарастырылған. Темекі тартуға болмайтын жерлер қатарына үйлердің кіреберістері мен білім беру, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандардың демалуына арналған және денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық тамақтану пункттері, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт, көрме залдары, спорт ареналары, басқа да қоғамдық орындар кіреді. Айтып өтерлігі, заман ағымына сай, республикамыздың Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінде темекі өнімдерінің ұғымы кеңейтілді. Яғни, заңға «қыздырылған темекісі бар бұйымдар», «қорқорға арналған темекі», «қорқор қоспасы», т.б. ұғымдар нақты енгізіліп, оларды сатудың қатаң талаптары бекітілді. Аталған өнімдерді сату мен таратуда заңға мойынұсынбағандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде жауапкершілік көзделген. Осы кодекстің 199-бабының 1-бөлігінде жеке тұлғаларға 15, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны айқындалды. Заң бұзушы мұндай әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейінгі бір жылда қайталайтын болса, айыппұл мөлшері бұдан әрі ұлғаяды, яғни, жеке тұлғалар 20, шағын кәсіпкерлік субъектілер 50, орта кәсіпкерлік субъектілері 100, ірі кәсіпкерлік субъектілері 120 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Сондықтан сатушы сатып алушының жасы 21-де екеніне күмәнданса, міндетті түрде оның жеке басын куәландыратын құжатын сұрауы тиіс. Кәмелеттік жасқа жетпегендердің темекі бұйымдарын пайдаланғаны анықталған жағдайда жауапкершілік олардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне жүктеледі. Қазақстанда темекі өнімдері кез келген орында сатылмайды және дүкен сөрелерінде ашық орналастырылмайды. Жоғарыда айтып өткендей, бұларды пайдалануға дәмханалар мен қоғамдық орындарда, жазғы кафелерде, жанармай құю бекеттерінде, жер асты өткелдерінде, т.б. заңмен белгіленген жерлерде шектеу қойылған. Тағы бір атап өтер жайт, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап темекінің бағасы өсті. Мұндай талаптың бәрі ел халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған. Шылымның зияны мен адам өміріне қауіпті екенін денсаулық саласының мамандары жан-жақты насихаттауда. Мәселен, ғалымдар темекі тартатындардың өмірі өзгелермен салыстырғанда орта есеппен 14 жылға қысқаратынын айтып отыр. Өйткені оның құрамындағы улы заттар өкпе арқылы қанға сіңіп, адамның барлық ағзасын зақымдайды. Сондай-ақ, статистикаға сәйкес, темекі шегетіндер шекпейтіндерге қарағанда өкпенің қатерлі ісігіне 10 есе жиі шалдығады. Сонымен бірге темекі өнімдері жүрек-қан тамыр, өкпе, эндокриндік және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін де айтарлықтай арттырады. Темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу және шектеу жөніндегі шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңымен белгіленген. Мемлекеттің басты байлығы – адам болса, адамның басты байлығы – денсаулық. Сондықтан халық денсаулығын жақсарту мақсатында жасалып жатқан игі бастамаларды қолдаудың маңызы зор.

Түймегүл ИБАШЕВА, «Заң газеті»

Қайрат Закирьянов:Қазақстанның басты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...