Telegram Дуровтың ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді

Telegram командасы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мессенджер хабарламасында Дуров Telegram қызметіне қатысты тергеуден өтіп жатқанын растап, бірақ оған тағылған айыптарды «ақылға қонымсыз» деп атады.

«Telegram ЕО заңдарын, оның ішінде Цифрлық қызмет туралы заңды қатаң сақтайды — модерация салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады. Павел Дуровтың жасырары жоқ және ол Еуропада көп саяхаттайды. Платфома мен оның негізін қалаушы бұл платформаны теріс пайдаланушылар үшін жауапты деген ақылға қонымсыз. Миллиардқа жуық адам Telegram-ды қарым-қатынас және маңызды ақпараттың негізі ретінде қолданады. Бұл мәселе тез арада шешіледі деп сенеміз», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 25 тамызда «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Париж әуежайында Француз арнайы қызметі ұстаған болатын.

Француздық LCI жаңалықтар арнасының мәліметінше, ол елге Әзербайжаннан ұшқан жеке бизнес-джет ұшақпен келген. Дуров есірткі саудасына және басқа да ауыр қылмыстарға ықпал етуші деген күдікке ілінді.

Француз БАҚ Дуровтың қамауға алынғанын хабарлады. Жақын арада ол сотқа тартылады және 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, Дуровтың Француз азаматтығы бар.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.