Tele2 мен Altel қатарлық компанияға сатылды

Қатар компаниясына Mobile Telecom Service-ті (Tele2 және Altel) сату аяқталды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы KASE мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биржа мәліметінше, мәміле 2025 жылғы 14 қаңтарда аяқталды. «Қазақтелеком» «Мобайл Телеком-Сервис» акционерлік қоғамының жарғылық капиталындағы 100 пайыз үлесін Qatar PIH Communication LLC (Power International Holding) пайдасына сатты.

Айта кетейік, «Қазақтелекомның» негізгі акционері — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

2024 жылы «Қазақтелеком» өзінің мобильді активтерінің бірі — Mobile Telecom-Service ЖШС-ын (Tele2/Altel брендтері) Таяу Шығыстағы жетекші конгломерат — Qatar Power International Holding-ке сататыны белгілі болды.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...