12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тексеру барысында құқық бұзушылық анықталмады

Тексеру шарасы барысында Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың тарапынан құқық бұзушылық анықталмады.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменте қарасты Төлеби аудандық Пробация көлемінде «Пробациялық бақылау» атты жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шара барысында пробация қызметкерлері 25 сотталғанды үйіне және жұмыс орны бойынша қадағалады.
Аталған шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекен-жайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.
Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Ал, жұмыс уақтысынан кейін тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, отбасындағы туыстарымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыс жүргізілді. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Күшейтілген қызмет барысында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға және қылмыстық құқықтық жауапкершіліктің өзге шараларына сотталғандар тарапынан қылмысты қайталануының, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында АПБ қызметкерлерімен бірлесіп тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орындары бойынша тексеріліп, әрбір сотталғандармен жеке тәлім-тәрбиелік мәні бар профилактикалық жұмыстары жүргізілуде. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, аудандық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды, — деді Төлеби аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Бауржан Сарыпбеков.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...