12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Технология тиімділігін көрсетті

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ақпараттық сервистерді дайындау барысында азаматтардың мүддесін ескере отырып, электронды технологиялардың халыққа қолайлы, ыңғайлы және қолжетімді болуына басымдық берді.

Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу сот ісін жүргізуді біршама жеңілдетті. Бүгінде сотқа ақпараттық технологиялар арқылы талап-арыздар мен шағымдарды беру, құжаттардың көшірмесін алу және іс материалдарымен танысу мүмкіндігін көздейтін электрондық сот төрелігі кеңінен қолданысқа ие. Бұл жаңашылдықтар құжаттарды қабылдаудан бастап сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңін қамтиды. Сәйкесінше сот саласында процес­ке қатысушыларды SMS-хабарлама және электронды пошта арқылы хабарландыру жүйесі, «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру қағаздары» сервистері белсенді қызмет етеді.
Қазіргі уақытта еліміздегі төтенше жағдай режиміне байланысты сот жүйесі толықтай онлайн режиміне көшті. Барлық талап арыздар, істер тек электронды түрде қабылданады. Сотқа жүгіну аса қажет болған кезде «Сот кабинеті» сервисі өте тиімді екенін атап өткен жөн. Аталған сервиске тіркелу үшін алдымен электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. Жеке және заңды тұлғалар өздеріне қолайлы, кез келген уақытта үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» сервисіне электронды түрде талап арызын, шағым және сұранысын беріп, олардың орындалу барысын қадағалай алады. Сот отырыстары мобильді қосымшаларының көмегімен қашықтан қаралуда. «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану тәсілі өте қарапайым. Ол үшін «Playmarket» бағдарламасы арқылы аталған қосымшаны смартфонға жүктеп, сот отырысына қосылу үшін сот отырысының хатшысы берген сервер нөмірі, логин мен пароль болса жеткілікті. Ал, «WhatsApp» мобильді қосымшасы халық арасында кеңінен қолданысқа ие, оның да сот отырыс­тарын қашықтан кедергісіз өткізуге септігі мол.
Елімізде төтенше жағдай жария­ланғаннан бері Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты барлық істі онлайн режимінде қарап, сот отырысына қатысушылардың, сот қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берді. Негізгі мақсат – төтенше жағдай режимі кезінде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғап, сот жүйесінің қолжетімділігін арттыру және заманауи технологияларды кеңінен пайдалана отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысу.
Қорыта айтқанда, сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу өз тиімділігін көрсетті. Азаматтардың уақыты үнемделіп, сот қызметіне қолжетімділік еселене түсті. Бұл адамдардың салаға деген сенімін арттыруға ықпал етері сөзсіз.

Думан Алиев,
Қызылорда облысының
қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...

Конституция – мемлекеттің тірегі

Әр мемлекеттің сүйенері – Конституция. Елдегі барлық заңдардың, құқықтық...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты – азаматтық істердегі құқықтық кепілдік

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтық құқықтық қатынастар тек бір мемлекеттің...

Ата Заң – ұлттың темірқазығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық...