Техастағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 80-нен асты

АҚШ-тың Техас штатында су тасқынынан қаза тапқандар саны 81 адамға жетті, тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметінше, Кервилл қаласы маңындағы Гвадалупе өзенінің деңгейі толассыз жауған жаңбырдан кейін 6-8 метрге дейін күрт көтерілген. Салдарынан жолды ағызып, елді мекендерді су басты.

Тек Керр округінде 68 адамның қаза тапқаны расталды. Олардың ішінде 40 ересек пен 28 бала бар. Билік мәліметінше, Camp Mystic жазғы лагерінің 10 тәрбиеленушісі әлі табылған жоқ.

Синоптиктер алдағы тәуліктерде жауын-шашынның әлі де мол түсетінін айтып, жаңа су тасқынының қаупі сақталып отырғанын ескертіп жатыр. Осыған байланысты Ұлттық метеоқызмет оңтүстік-орталық Техастың көп бөлігіне арналған су тасқыны туралы ескерту мерзімін ұзартты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Керр округінде ауқымды апат режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл төтенше қызметтерге қосымша ресурстарға шұғыл қол жеткізуге және құтқару жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар мен еріктілер аман қалғандарды су басқан аумақтарды мұқият тексеріп жатыр. Билік жергілікті тұрғындарға аса сақ болуға және мүмкіндігінше қауіпті аймақтардан кетуге кеңес беріп жатыр.

Еске салайық, жойқын су тасқыны жұмада таңертең Сан-Антонио қаласынан 140 шақырымдай солтүстік-батыстағы аймақта, Гвадалупе өзенінің арнасынан тасып шығуы салдарынан болды.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...