12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тегін заң көмегі Конституциямен кепілдендірілген

Ел Конституциясымен көзделгендей, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңмен көзделген жағдайда заң көмегі ақысыз көрсетіледі. Азаматтық істерде тегін заң көмегін алу тәртібі Азаматтық процестік кодекстің 112-бабымен қарастырылған. Соған орай айтсақ, іс сот талқылауына дайындалған немесе  қаралған кезде судья осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген жандарды заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.

Бұлардың қатарында асыраушысы қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу, жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулардағы талап қоюшылар мен жауапкерлер,  алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізуде өндіріп алушы саналатын көпбалалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы даулардағы талап қоюшылар мен жауапкерлер, Республикамыздың әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлер,  кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ дауларда Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлер, заңға сәйкес ақталған адамдарға зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар бар.

Аталған баптың 2-бөлігіне сай, адвокат пен заң кеңесшісінің қызметіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін ҚР Әділет министрлігі белгілейді. Егер 112-баптың бірінші бөлігімен көзделсе,  заң көмегіне ақы төлеуден және өзінің атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы өтінішхатқа осы адамның бюджет қаражаты есебінен заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркеледі.

  Мұндай өтінішхатты қанағаттандыру немесе  қанағаттандырудан бас тарту туралы сот ұйғарымы шығарылады. Ұйғарым шағым жасалуға, сондай-ақ, прокурордың өтінішхатымен қайта қаралуға жатпайды. Бірақ, ұйғарыммен не үшін келіспейтінін көрсететін дәлелдер апелляциялық шағым мен прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.

  Заң көмегіне ақы төлеуден және адамның атынан өкілдік етуге қатысты шығыстарды өтеуден босату туралы сот ұйғарымы азаматтық істі қарайтын соттың тұрған жеріндегі аумақтық адвокаттар алқасы мен тиісті заң кеңесшілері палатасына жазбаша түрде немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында тез арада жіберіледі. Палата сот белгілеген мерзімде адвокаттың немесе заң консультантының сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

Тегін заң көмегі ел заңнамасына сәйкес, әлеуметтік тұрғыдан осал және қорғалуы қажет азаматтарға көрсетіледі. Азаматтардың өз құқықтарын білуі барлық заңды мәселені шешуде алғашқы тиімді қадам болады.

Нұржан Қалымжанова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Сотта тәртіп сақтау баршаға міндет

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы»...

О границах права на защиту

ВОПРОСЫ ПРЕВЫШЕНИЯ ПРЕДЕЛОВ НЕОБХОДИМОЙ ОБОРОНЫ ТЕСНО ГРАНИЧАТ С ПРИНЦИПОМ...

Почему наследство разрушает семьи

ПРЕДСТАВЬТЕ КАРТИНУ, ГДЕ ДО МОМЕНТА ОГЛАШЕНИЯ ЗАВЕЩАНИЯ СЕМЬЯ ВЫГЛЯДЕЛА...

Есірткі қылмысын жасағандар қатаң жазаланады

Өткен жылы күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне...

Научные школы: академический вклад 

Казахский национальный университет им. альФараби является ведущим исследовательским университетом...