Ағымдағы жылдың 14-23 наурыз аралығы Наурызнама онкүндігі деп жариялануына байланысты, “тазару “ күні — жаңа жылға жаңа ұмтылыстар мен үміттермен кірудің символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акцияға арналған. Атырау облысы бойынша ҚАЖД #79 мекемесінің жеке құрамы жаңадан келген жас мамандармен бірлесіп мекемеде сенбілік ұйымдастырды. Тазалық — адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші екенін ескеріп, сенбілік жұмыстары өзгеде мекемелерде жалғасын тапса деген ниеттіміз.


