ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық шаралары тұрақты үрдіске айналып, жалғасып жатыр. Тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болған экологиялық шараға бүгінде 172 мыңнан астам адам атсалысып, түрлі тазалық шараларына қатысты. 

8 тамыз күні облыста бірқатар атаулы шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, «Жетісу жастары» КММ және «Жасыл ел» еңбек жасақшыларымен бірлесе отырып, Халықаралық жастар күні қарсаңында және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» — эко квест» шарасы өтті. Шараға өңірдің белсенді жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақшылары және еріктілер қатысты. Жас эко-белсенділер арасында бірден сіңіп, жиі ұйымдастырылатын жаңашыл форматтағы шараның мақсатыжастар мен жасөспірімдерге қоршаған ортаның, табиғаттың тазалығы қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, өз үлестерін қосуға ықпалдасу болып табылады. Аталған тазалық квесті Талдықорған қаласының Орталық Арбатында салатанатты түрде ашылып, жиналған жұртшылықты тазалыққа шақырды. Қатысушы командаларға тапсырма орындау және тазалық жұмыстарын жүргізетін орындар белгіленіп, хабарланды. Ары қарай, тазалық квесті орталық базар маңында тазалау жұмыстарымен жалғасын тапты.

Талдықорған қалалық жастар орталығының жетекшісі Еркебұлан Жақан: «Жастардың бойына игі істерді дарыту барысында олардың қызығушылықтарын ескеріп, олар сияқты ойланып қадам жасау керек екені анық. Осы тұста, біз тазалық жұмыстарының пайдалы әрі қызықты бола алатынын көрсеткіміз келеді. Жастардың жаңа ортасы тазалыққа жақын болса, келесіде дәл осы қатысушы өзінің тағы бір досын да ертіп келеді. Сөйтіп, тазалыққа жақын, туған жерін аялайтын нағыз жанашыр жастарды қалыптастыра аламыз. Осы тұста, «Таза Қазақстан» акциясының қоғамға берері зор екенін айтқым келеді».

Сондай-ақ, Текелі қаласында «Тазаlike» эко-челленджі ұйымдастырылды. Жаңадан салынған спорттық сауықтыру кешені аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, акция қала аумағындағы барлық нысандарыға эстафета ретінде жолданды. Ал, айдынды Алакөл ауданында «Alakol clean» экологиялық-шығармашылық байқауы өткізілді. Өңір тазалығын мақсат еткен алакөлдіктер бұл жараға жасы да-қарты да қатар атсалысты. Мәселен, аға буын белсенділері көл жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізіп, сонымен бірге демалушыларды тазалыққа үндеп, түсірдіру жұмыстарын жүргізді. Ал, көл маңындағы балажайларда демалушы оқушылар экологиялық тақырыпта сурет салудан жарысқа түсті. Осылайша, бала көңіл ел болып атсалысқан ауқымды мәселеге өз үлесін қосты. Сонымен қатар, оқушы балалар арасында «Таза Қазақстан» акциясы туралы не білесіңдер?», «Өз өңіріміздің тазалығын қалай сақтай аламыз?» деген сынды сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, ең белсенді қатысушылар марапатталды.

Алакөл аудандық «Аналар кеңесінің» төрағасы Ұлжалғас Дүйсебаева: «Таза Қазақстан» акциясына ел болып бірігіп қатысу, оны әр ауылда, әр аула мен көшеде ұйымдастырудың маңызы зор. Қазіргі таңда жерлестеріміздің бірқатары аталмыш акцияның мақсатымен жақсы таныс. Қанша уақыттан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып жатқан түрлі тазалық шараланың арқасында көпшілік тазалық сақтауға бейімделіп те қалды. Өзінің ғана емес, өзгенің де артынан жинай салу, қоқыс қалдырмау – туған жерге деген үлкен махаббаттан бастау алып, азаматтық жауапкершілікпен жалғасатынын әр адам түсінсе дейміз».

Айта кету керек,  «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 1187 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 7055 тонна қоқыс шығарылып, 22255 км арық желісі тазаланды. Сонымен қатар, 25 826 м2 автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағында акция кезінде 29 514 түп көшет отырғызылды.

Аталған жұмыстар облыстың әр аумағын қамтып, жыл соңына дейін жалғасын таппақ.

Қайрат Закирьянов: «Қазақстанның басты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...