«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғаттың тазалығын сақтау жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Осы бағытта бүгін Абай университеті Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Ахметов Елнұр Мұхамеджанұлымен кездесті. Кездесу барысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында бірлесе атқарылатын жұмыстар жайы айтылып, ортақ ұсыныстар мен жоспарлар талқыланды. Жалпыұлттық жоба шеңберінде екіжақты әріптестікті арттырып, жастар арасында экологиялық тазалықты насихаттауға назар аударылды.

Талқылау барысында университет басшылығы «Таза Қазақстан» жобасы бойынша қолға алынған білім алушылар мен оқытушы-профессорлар құрамының экологиялық ғылыми зерттеулеріне тоқталды. Олардың басым көпшілігі еліміз үшін ғана емес, жаһандық экология үшін маңызды десек болады. Қос тарап адамзат үшін маңызды тақырып аясында ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарын алдағы уақытта бірлесе атқаруға уағдаласты.

Ұлттық паркті болашақ мамандарды даярлауда тәжірибе алаңына айналдыру мәселелері қозғалды. Табиғи нысандар, биоалуантүрлілік пен экожүйелерге қатысты мәліметтерді талдау арқылы студенттердің зерттеу қабілеттерін арттыру, бірлескен оқу құралдары мен әдістемелік еңбектер әзірлеу жайы сөз болды. Ұлттық парктің деректер қорын ғылыми айналымға енгізіп, оқу үдерісінде пайдалану мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Сонымен қатар, Іле-Алатау ұлттық паркінің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар да қаралды. Атап айтқанда, студенттердің жаңа технологияларды пайдалана отырып, экологиялық, танымдық және туристік бағыттағы бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Мұндай цифрлық жобалар жастардың қызығушылығын тудырып, ұлттық парк қызметін кеңірек насихаттауға септігін тигізеді.

Кездесу соңында тараптар ортақ шешімге келіп ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім алдағы екіжақты бірлескен жұмыстардың берік негізіне айналмақ.

Донорство органов в Алматинской области: три донорских процесса — надежда для десятков людей

В Алматинской области продолжается информационно-разъяснительная работа о значении посмертного...

Алматы облысында ағза донорлығы: үш донорлық процесс – ондаған өмірге үміт

Еуропалық ағзалар доноры күніне орай Алматы облысында қайтыс болғаннан...

«Жаңа Конституциядағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы»

Мемлекеттік тіл – елдің ұлттық болмысын айқындайтын, халықты біріктіретін жәнемемлекеттіліктің маңызды нышандарының бірі. Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойықалыптасқан рухани мұрасы, тарихи жады мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Сондықтан...

Медиация институтына 15 жыл: тарих және тағылым

«Медиация туралы» заң 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданып, тамыз...

Соттағы жасанды интеллектті игеру бойынша ізденіс жалғасады 

Өркениет көшіне ілескен ел озық мемлекеттердің даму тәжірибесіне қарайды....