12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Татулықта – табыс мол

Қазақстан Республикасы Судьяларының VI сьезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне Елбасы айрықша назар аударған болатын. «100 нақты қадам» ұлт жоспарында бұл мәселе одан әрі нақтыланды. Межелі міндетті жүзеге асыру мақсатында заңнамалар толықтырылып, өзгертілді. Соған орай, еліміздің Жоғарғы Соты дауды сотқа дейін және соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін енгізіп, медиацияны қолдану аясын одан әрі кеңейтті. Бұл күнде ел тұрғындары соттасқаннан көрі дауды бітімгершілікпен бітірудің өздері үшін анағұрлым тиімді екенін түсінуде. Әрине, бұл межеге жету жолында қыруар шаруа атқарылып, іске асқанына көпшілік куә.

Осы тұста айта кетерлігі, Жоғарғы Сот төрағасының бастамасымен республиканың барлық аумағында татуласу орталықтары ашылып, билер кеңестері құрылды. Олардың құрамына қажетті мамандар тартылды. Орталықтар мен кеңестерді құру, жұмыстарын жандандыру шараларының оңайға түспегені тағы анық. Мәліметтерге жүгінсек, еліміздің он жеті өңірінде 47 татуласу орталығы, 413 билер кеңесі құрылған. Әрбір сотта судья-медиатор, арнайы медиация кабинеті бар. Онда сотқа жүгінушілерге дауды сотсыз бітірудің артықшылықтары кеңінен түсіндіріледі.

Азаматтық процесстік кодекс нормасына сай, бүгінде медиацияға кәсіби немесе кәсіби емес медиаторлармен қатар судьялар да кеңінен араласа алады. Тағы бір ерекшелігі, сотта шешім құқық пен заң нормалары негізінде, ал, медиация рәсімінде шешім тараптардың өз мүдделерінің келісімге келуі негізінде қабылданады. Істің жылдам қаралуы мен құпиялылықты сақтау және екі тараптың да пайдасына шешілетіндігін медиацияның ұтымды тұсы ретінде атауға болады. Татуласудың тағы бір артық­шылығы мұнда сот шешімі орын­далмай орта жолда қалмайды. Келісімді өзара мақұлдағандықтан тараптар ондағы шарттарды дер кезінде, белгіленген уақыт­та орын­дауға мүдделі. Мұның бәрі дауларды соттан тыс реттеу аясы кеңіп, бітімгершілік рәсімдерін қолдану тетіктері артқанының көрінісі.

Медиацияның басты артықшылығы неде десек, өзара бітімге келуде жеңілген не жеңген жақ болмайды. Яғни, дауласушылардың бірін екіншісіне жығып бермей, екі тараптың да мүддесіне сай шешім қабылданады. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардың соттарында соттың кеңесу бөлмесіне кетуіне дейінгі сот талқылауының кез-келген кезеңінде, сонымен қатар, сот актісін орындаған кезде жасалады және ол сотпен бекітіледі. Яғни, соттар тараптарға дауды процестің барлық сатыларында реттеуге жәрдемдеседі. Сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісімді бекіту және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымда, қаулыда мемлекеттік баж салығының қайтарылатындығы көрсетіледі. Түптеп келгенде медиация әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдар арасында келісімге келудің ізгі жолы. Медиация туралы заңның мақсаты халқымыздың ерте заманнан қолданып келе жатқан билер сотының үлгісін қоғамға сай жаңғырту. Бабаларымыз өз заманында бұл тәсілді тиімді қолданып, дау біткенді билер соты арқылы бітімгершілікпен шешіп келген. Сондықтан да, қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық үлгісі саналады.

Еліміз «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында сандық жүйеге көшуде. Бұл тұрғыда сот жүйесінде де оң өзгерістер орын алды. Мысалы, саланы цифрландыру бағытында «Смарт сот» жобасы іске асуда. Мұны айтып отырғанымыз, елдегі төтенше жағдайға орай, ҚР Жоғарғы Соты «Онлаин татуластыру» сервисін іске қосты. Әсіресе, бүгінгідей төтенше жағдай кезінде бітімгершілік институтының маңызы артуда. Дауға тап болғандар  аталған сервис арқылы медиацияға жүгіне алады. Бітімгершілік институтының діттегені – елге қолайлы жағдай туғызу. Татулықта – табыс мол десек, тараптарды татуласуға тәрбиелеу, қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуда таптырмас тәсіл саналады, медиацияның құндылығы да осында.

 

Инсебаева Ақсая,

Ақтау қаласының

 №2 сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...