Тарихи жеңіс: Қазақстан футболдан Беларусь құрамасын басып озды

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь командасын жеңіп, Ұлттар лигасындағы өз тобында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Астанада өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Кездесуде қазақстандықтар Михаил Габышевтің супер голымен есеп ашты.

Екінші голды 79-минутта Абат Айымбетовтің пасынан кейін Бахтияр Зайнутдинов соқты. Қарсыластар бұл жағдайды офсайд деп есептеп, қателік жіберді.

Қарымта голды бірінші таймның соңында Павел Савицкий соқты.

Матчта жеті сары қағаз көрсетілді: Зайнутдиновтен басқа Аслан Дарабаев пен Елхан Астановқа ескерту берілді. Асхат Тағыберген екі сары қағаз алып алаңнан қуылды.

Осылайша, Қазақстан бірінші рет Беларусь құрамасын ұтып, В дивизионына жолдама алды.

Қыркүйектің 22-нен 23-іне қараған түні басталатын топтың тағы бір ойынында Словакия өз алаңында Әзірбайжанды қабылдайды.

Айта кетейік, 25 қыркүйекте Қазақстан Әзірбайжанмен Бакуде ойнайды, ал Магомед Адиевтің шәкірттерінде дивизионда көтерілудің бірнеше жолы бар.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...