12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты

Таразда 17 адамның өмірін қиған әскери бөлімдегі жарылыс туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. Әскери бөлімде уақытша командирдің міндетін атқарған азамат жарылысқа әкеп соғуы мүмкін проблемалар туралы айтып, кінәлілерді атады. Жәбірленушіден айыпталушыға айналғаннан ер адам барлығын ашық айтуды жөн санапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Арада бір жыл өтсе де болған оқиғаның мән-жайы жұмбақ күйде.

35 жастағы әскери қызметші Аслан Бақытжанов қайғылы оқиға кезінде бөлімше бастығының міндетін атқарушы болғанын,жұмыс барысында өрт сөндіру құралдарының жұмыс істемейтінін, кадр тапшылығын айтып басшылыққа сегіз рет шағым жазғанын айтады. Құрылғылардың жұмыс істемейтінін министрлік те, әскери прокуратура да білген.

«Егер мен жіберген өтініштердің барлығы дер кезінде орындалса, мұндай өрт болмас еді», — дейді Аслан Бақытжанов.

Әскери қызметшінің айтуынша, қайғылы оқиға болған күні бөлімшеде өрт хабарлағыштары жұмыс істемеген. Қойма терезелерінен шыққан қою қара түтінді қарауылдар ғана байқаған.

Енді Асланға «жұмысқа салғырттық танытты, оқ-дәрімен жұмыс істеу ережесін бұзды» деген айып тағылып отыр. Онымен бірге бұл іске тағы бес адамның қатысы бар екені, оның екеуі әскер қатарына шақырылғандар. Олар қоймалардың біріне жанып жатқан шүберек лақтырған деген болжам бар.

«Осы қойманы өртегендер кінәлі. Бұл қасақана жасалған әрекет. Оқиғаға куәгерлер, өртеген әскери қызметші өз кінәсін мойындап, қазір Тараздағы тергеу изоляторында отыр», — дейді бұрынғы әскери қолбасшы.

Система хочет купировать риски

Политолог, глава «Политической экспертной группы» Константин Калачев – об обновлении политической системы...

Жетісу облысында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі кеңеюде

Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы халықты қолжетімді әрі сапалы...

В области Жетысу расширяется доступность высокотехнологичной медицинской помощи

Управлением здравоохранения области Жетісу проводится системная работа по обеспечению...

Кузница молодых лидеров

В Назарбаев Интеллектуальной школе Алматы–Наурызбай прошла самая масштабная MUN-конференция...