Таразда әскерден қашып кеткен сарбаз қалай жазаланды?

Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың кінәсі екі бап бойынша дәлелденді. Бұл туралы Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қатардағы жауынгер Арысбаевтың әрекеті ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша сараланды. Бөлімді дәлелсіз себептермен өз еркімен тастап кету және бұйрықты қасақана орындамау. Оның кінәсі толығымен дәлелденді. 1 сәуірде әкімшілік сот шешімімен оған 20 тәулік мерзімге гауптвахтаға қамауға алу жазасы тағайындалды», — деді Қорғаныс министрлігінің брифингінде Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов.

Бұған дейін қатардағы жауынгер Арысбаев анасын сағынғандықтан, бөлімнен өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған болатын.

«Іс бойынша қылмыстық сипаттағы басқа факт анықталған жоқ», — деп толықтырды Бекен Шынтілеуов.

Оның айтуынша, бөлім қолбасшылығының кінәлі лауазымды тұлғалары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Ақпаратты алғаннан кейін бірден әскери полиция органдары мен бөлім қолбасшылығы оны іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Барлығы 250-ге жуық әскери қызметкер, 7 әскери техника тартылды. Ұшқышсыз ұшу аппараты мен қызметтік иттер жұмылды.

Сарбаз әлсіздік пен тәртіпсіздік көрсетті деп санаймын. Оның әрекеті жағымсыз салдарға әкелді. Қоғамдық резонанс тудырды. Бұл әскери бөлімнің беделі мен имиджіне ғана емес, жалпы Қарулы күштерге де әсер етті. Сонымен қатар, оны іздеуге көп күш пен қаражат тартылды», — деді Шынтілеуов.

Гауптвахта — бұл қамауға алынған әскери қызметкерлерді ұстауға арналған арнайы ғимарат.

Еске сала кетейік, 26 наурызда әскери бөлімнен қатардағы жауынгер Нұрасыл Арысбаев түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен болатын. Оның жанында қару болған жоқ. 19 жастағы әскери қызметші 30 наурызда табылды. Механикаландырылған бригаданың жауынгері тағы алты ай қызмет етуге қалды.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...