Орал қаласының №2 сотына талапкер А. жауапкер Т-ға жол көлік оқиғасы салдарынан туындаған залалды өндіру туралы талап арызымен жүгінді, талап арызға сай тараптардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан талапкерге денсаулығына зиян келген. Емделуіне жалпы 118 732 теңге кеткен.
Талапкер соттан 118 732 теңге, моральдық залал 500 000 теңге және соттағы өкіл қызметіне 150 000 теңге көлемінде талап етті.
Сотқа дейінгі отырыста тараптар медиациялық келісімге келіп, келісімге сәйкес жауапкер талапкерге 125 000 тенге, оның ішінде 50 000 теңге — моральдық залал, 50 000 теңге — өкіл қызметі соммасы, 25 000 теңге емделуіне төлеуге міндеттеледі.
Талапкер өз кезегінде келісім шарттарын қабылдап, талаптарынан бас тартады.
Ұйғарым заңды күшіне енді.