ЗК-169/5 мекемесінің кадр саясаты тобы жеке құрам қызметкерлерімен тапаншаны пайдалану ережесі бойынша оқу-жаттығу шарасын ұйымдастырды. Шара барысында оларға ату дағдысы, қаруды пайдалану заңдылығы мен тәртібі көрсетілді.
-2022 жылдың I-тоқсанының қорытындысы бойынша ІІМ 04.09.2017 жылдың 127-бұйрығының талаптарына сәйкес Макаров тапаншасынан оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Әрбір тәртіп сақшысы қару-жарақты қалай қолдану керектігін білуі тиіс. Талап ортақ. Сондықтан мұндай шара әр тоқсан сайын өткізіліп жүр,-деді ЗК-169/5 мекемесінің кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет майоры Әлішер Беркінбеков.
Оқу-жаттығу соңында мекеме қызметкерлері атыс сабағы бойынша дайындықтарын пысықтады.
ЗК-169/5 мекемесі