Танзания президенті Джон Магуфули 62 жасында қайтыс болды

Танзания президенті Джон Магуфули 62 жасында қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін Танзанияның оппозициялық саясаткері Тунду Лиссу мемлекет басшысы COVID-19 жұқтырып, Үндістанға жеткізілгенін айтқан болатын. Лиссудың мәліметінше, бұған дейін президент Кенияда емделген.

БАҚ-та Магуфулидің қатты ауырып, жасанды тыныс алдыру аппаратында жатқаны хабарланған.

Алайда Танзания премьер-министрі, заң министрі және Намибиядағы елші президенттің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Бұған дейін Магуфули Танзанияда SARS-CoV-2 жоқ деп мәлімдеген. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вакциналарын сатып алу жоспарда жоқ екенін де хабарлаған. Магуфули тұрғындарға аурулармен күресу үшін үш күн дұға оқуға шақырған болатын, коронавирус сөзін айтпауға кеңес берген және локдаун енгізбейтінін айтқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, Танзания коронавирус бойынша деректерді 2020 жылдың мамырынан бастап хабарламаған. ДДҰ-да бар ақпарат бойынша, елде барлығы 509 COVID-19 жағдайы анықталып, 21 өлім тіркелген.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...